РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық ономастика кеңесінің келісімімен және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Іле ауданы Первомай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданы Первомай кентінің батысында орналасқан жаңа көшеге "Бережинский Алексей Федорович" аты қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Первомай кенті әкімінің орынбасары Таңатар Айнұр Таңатарқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Первомай кенттік
округ әкімі А. Советханов