Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 14.11.2013 N 191 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы № 149 Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жалпы жұмыс орындары ішінен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарының квотасын белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның мекеме, кәсіпорындарында меншік түріне қарамастан интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Байеділов Талғат Ескендірұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Медеуов