РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тұздыбастау ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылының "Арман", "Айжарық", "Жайлау" ықшам аудандарындағы жаңа көшелерге келесі аттар қойылсын:
1) Тұздыбастау ауылы "Арман" ықшам ауданының оңтүстіктен солтүстік-шығысына қарай орналасқан бірінші көшеге "Бектасов Әшімбек", екінші көшеге "Тегенбаев Әлхан", үшінші көшеге "Баржықбаев Дәуренбек", төртінші көшеге "Күшікбаев Станбақ", бесінші көшеге "Темірлан", алтыншы көшеге "Кәрімов Шахмұрат";
2. Тұздыбастау ауылы "Айжарық" ықшам ауданының оңтүстіктен солтүстік-шығысына қарай орналасқан төртінші көшеге "Иманғалиев Нұрмолда", бесінші көшеге "Чүкібасов Бекен", алтыншы көшеге "Мермұхамедов Әбдіхай", жетінші көшеге "Байғарашев Әбділдә", сегізінші көшеге "Аманжолов Кебекбай", тоғызыншы көшеге "Мақатов Айдос";
3) Тұздыбастау ауылы "Жайлау" ықшам ауданының оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан бірінші көшеге "Саркеев Ахмет".
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Тұздыбастау ауылдық округ әкімінің орынбасары Сейтова Беріккүл Күнболатқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Әкім М.Есенов