РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қалалық шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Тоғызбаева - Адамбеков - |
Тараз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы; «Жамбыл облысы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін уақытша атқарушы, подполковник, төраға орынбасары (келісім бойынша); |
Комиссия мүшелері: |
|
Құлшынбаев - |
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Ордабеков - |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); |
Нұрқадірова - |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 2 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша). |
3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындаған қатынастарға таралады.
Қала әкімі Б.Орынбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін уақытша атқарушы
Б.А.Адамбеков
26.03.2012 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.С.Досанов
26.03.2012 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
№ 1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігерінің міндетін атқарушы
Б.Б.Үзденбаева
26.03.2012 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы № 2 қалалық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
У.Б.Байдарбеков
26.03.2012 ж.