Тараз қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыздағы N 605 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қыркүйектегі 1823 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 771 қаулысымен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 771 қаулысымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26 бабының 2 тармағына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тараз қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдау қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.
      
      Қала әкімі                                 Б.Орынбеков

Тараз қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 13 тамыздағы
№ 605 қаулысымен бекітілген

Тараз қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдау қағидасы 1.Жалпы ережелер

      1. Осы Тараз қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібін айқындайды.
      2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары оқұға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жағдайын қамтамасыз ету үшін оларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдау тәртібі

      4. Мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 4) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органы - «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – Білім бөлімі) жүргізіледі.
      5. Білім бөліміне жүгінген жағдайда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру үшін арыздарын тіркеу Тараз қаласы, Асқаров көшесі № 47 мекен-жайында сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері - сенбі, жексенбі.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама алу үшін өтініштерін тіркеу кезінде заңды өкілдер мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) ата-анасының (анасының немесе әкесінің) бірінің немесе заңды
өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжат;
      2) баланың туу туралы куәлігі;
      3) жеңілдікті растайтын құжат (ол болған жағдайда мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдаманы бірінші кезекте алуға);
      4) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы (мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі түзету ұйымдары мен топтарына қабылдаған жағдайда);
      5) туберкулез инфекциясы ерте білінген, туберкулездің азаю және бәсеңдеу түрімен, жиі және ұзақ ауыратын балаларға арналған мектепке дейінгі санаториялық түзету ұйымдарына қабылдағанда аумақтық емдеу-профилактикалық ұйымдарының қорытындысы.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары заңды өкілдеріне қайтарылады.
      7. Балаларды мектепке дейiнгi білім беру ұйымдарына тұрақты және уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргiзiледi.
      8. Мектепке дейiнгi білім беру ұйымдарына Білім бөлімі жолдамасы, баланың даму тарихынан үзiндi көшірме, эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң анықтамасы негiзiнде бiр жастан алты (жеті) жасқа дейiнгi балалар қабылданады. Мектепке дейінгі түзеу ұйымдарына және мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған топтарға қабылдау кезiнде қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы беріледi, ал бастапқы туберкулез инфекциясы бiлiнген, кiшiгiрiм және басылып келе жатқан туберкулездiң нысандарымен ауыратын, жиi және ұзақ ауыратын балаларға арналған санаториялық мектепке дейiнгi түзеу ұйымдарына аумақтық емдеу-алдын алу ұйымдарының қорытындысы беріледі.
      9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орын бөлу мектепке дейінгі мекемелерге орын бөлу комиссиясымен және кезекке тіркелген реттілігімен беріледі.
      10. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бір жастан алты (жеті) жасқа дейін дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақтағы барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
      11. Бірінші кезекте орын алуға:
      1) І және ІІ топтағы мүгедектердің балалары;
      2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      3) жетім балалар;
      4) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
      5) жеңілдіктер және кепілдемелер бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың балаларының құқығы бар.
      Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау, мектепке дейінгі ұйымдардағы бар орын санымен шектеледі.
      Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
      12. Білім алушылар қатарына қабылдау мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

3. Қорытынды ереже

      13. Осы Қағидада реттелмеген қатынастар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады