Масаншы ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі N 5 шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 мамырда № 6-5-144 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабындағы 4) тармақшасына және Масаншы ауылы жаңа көшелері халқының пікірін ескере отырып, Масаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Масаншы ауылының оңтүстік жағында «Алматы» көшесіне қосарласып орналасқан атауы жоқ көшелерге келесідегідей атаулары берілсін:
      1) Астана
      2) Тараз
      3) Егемендік
      4) Достық
      5) Тәуелсіздік
      6) Құрманғазы
      7) Отан
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімі аппаратының бас маманы А. Губарға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Масаншы ауылдық округінің әкімі            Я. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады