Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 14 Қаулысы. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 ақпанда 6-8-132 нөмірімен тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Жамбыл облыстық Әділет департаментінің 26.06.2013 № 2-2-16/977 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Жамбыл облыстық Әділет департаментінің 26.06.2013 № 2-2-16/977 хаты).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір процентi мөлшерiнде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі және 2012 жылдың 4 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                А. Нұралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады