Жеңiлдiкпен жол журу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3-9 шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 сәуірде 6-9-132 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 - бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және 47 - бабының 4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Жаңатас қаласының меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне қала iшiндегi қоғамдық көлiкте (таксиден басқа) жол жүруi қолданыстағы тарифiнiң 70 пайызын төлеу түрiнде жеңiлдiкпен белгiленсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауданның әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Көкебаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезінен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Т.Блалиев                                  Б.Дондаұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады