1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы N 1 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда № 6-10-128 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес, Талас ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.А.Симтиков - келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Талас ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
      2. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысында белгіленген тәртіппен азаматтар шақыру учаскілеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери дәрігерлік сараптамадан өтуі ұйымдастырылсын.
      3. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.А.Бүркітбаев - келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұрат Жарылқапұлы Тұрысбекке жүктелсін.
      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Қарабалаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы Қаратау қаласының
қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.А. Симтиков
9 қаңтар 2012 ж.

«Жамбыл облыстық ішкі істер
департаментінің Талас аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б.А. Бүркітбаев
9 қаңтар 2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады