Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XLI сессиясының 27.11.2014 № 363 (алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес және Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiн мерекелеуге байланысты, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың келесi санаттарына Жеңіс күніне жыл сайынғы бiржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерiне;
2) қорғанысына қатысу жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
3) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына;
4) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
5) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;
6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың (хабарсыз кеткен, қайтыс болған) қайтылап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына);
7) жалпы ауруға шалдығу, еңбек ету кезiнде зақымдану нәтижесiнде қайтыс болған соғыс мүгедектерi мен соғысқа қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулеріне);
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерi және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;
9) 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жанқиярлық еңбегi мен мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға.
2. Осы шешімді жүзеге асыру бойынша Қарағанды қаласының әкімдігіне қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Материалдық көмек көрсету шығындары "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек" 007 бағдарламасында қаралған қаражат есебiнен қаржыландырсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтiк саланы дамыту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселесi бойынша тұрақты комиссияға жүктелсiн (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).
5. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
V шақырылған Қарағанды
қалалық мәслихатының
кезектен тыс ІІ сессиясының төрайымы Л. Айтмағамбетова
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Оспанов
Келісілді:
"Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығы Ж. Ысқақов
17.04.2012 ж.