Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.03.2018 N 18/162 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Тіркелген салық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 26/203 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-4-164 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қаңтардағы N 7-8 "Балқаш өңірі", 2010 жылғы 20 қаңтардағы N 7 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Муслымов А.К.) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | Б. Сейсембеков |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | К. Рахимберлина |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі | Аубакиров Н.Е. |
3 тамыз 2012 жыл
Балқаш қаласы бойынша | |
салық басқармасы | |
бастығының міндетін атқарушы | Жансарбаев Е.А. |
3 тамыз 2012 жыл
Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 03 тамыздағы N 7/63 шешіміне қосымша |
Тіркелген салық ставкалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 05.02.2016 N 48/375 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Салық салу объектісінің атауы |
Ай үшін ставка |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 36 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 16 |