Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 26/203 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-164 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы N 7/63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.08.03 N 7/63 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тіркелген салық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 15/123 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-4-128 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 5-6 "Балқаш өңірі" газетінде, 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 5-6 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К.) және қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясына (Шагиров Қ.У.) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы                            Е. Баймағанбетов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі
      Тейлянов Қ.Г.

      Балқаш қаласы
      бойынша Салық
      басқармасының
      бастығы
      Мукеева Р.Т.

Қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
N 26/203 шешіміне қосымша

Тіркелген салық ставкалары

N

Салық салу объектісінің атауы

Ай үшін ставка (айлық есептік көрсеткіште)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

8

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

14

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

36

5.

Карт

5

6.

Бильярд үстелі

16

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады