Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 03 тамыздағы № 7/63 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 48/375 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда № 3669 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы N 18/162 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 30.03.2018 N 18/162 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 03 тамыздағы № 7/63 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1922 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 98 (11916) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 99 (994) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Муслымов А.К.) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Калыкбеков
      Қалалық мәслихаттың хатшысы К. Рахимберлина

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі Аглиулин А. М.

      05 ақпан 2016 жыл

      2012 жыл

      Балқаш қаласы бойынша
      мемлекеттік кірістер
      басқармасының басшысы Омаров Р. К.

      05 ақпан 2016 жыл

      з 201

  Қалалық мәслихаттың
  2016 жылғы 05 ақпандағы
  № 48/375 шешіміне қосымша
  Қалалық мәслихаттың
  2012 жылғы 03 тамыздағы
  № 7/63 шешіміне қосымша

Тіркелген салық ставкалары

Салық салу объектісінің атауы

Ай үшін ставка
(айлық есептік көрсеткіште)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

3

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

36

5.

Карт

5

6.

Бильярд үстелі

16


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады