Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 10.06.2020 № 40/327 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 03 тамыздағы № 7/63 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1922 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 98 (11916) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 99 (994) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 48/375 "Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 03 тамыздағы № 7/63 "Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпандағы №21 (12414) "Балқаш өңірі", 2016 жылғы 24 ақпандағы № 18 (1482) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2016 жылғы 01 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Сокульский |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | К. Тейлянов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі | А. М. Аглиулин |
2018 жыл 30 наурыз
Балқаш қаласы бойынша | |
мемлекеттік кірістер | |
Басқармасының басшысы | Б. М. Келисбеков |
2018 жыл 30 наурыз
Қалалық мәслихатың 2018 жылғы № 18/162 шешіміне қосымша |
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 01.11.2018 № 23/206 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшері (айлық есептік көрсеткіште) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 8 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 8 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 25 |