Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы N 15/01 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-15-170 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінде 2012 жылғы 16 маусымдағы N 24 (7300) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі қаулының 3 тармағының 1) тармақшасындағы "ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың" сөздері "үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | С. Аймақов |