Приозерск қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы N 5/1 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 ақпанда N 8-4-269 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы N 38/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2012.10.12 N 38/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы", қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Битин Б.Е.), "Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қарсыбекова Р.У.):
      1) осы қаулының қосымшасында көрсетілген әрбір жұмыс берушімен халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасасын;
      2) заңда белгіленген тәртіппен "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде және "Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тіркелген нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру нысаналы трансферттер шегінде қалалық бюджетте қарастырылған 037 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттері" бюджеттік бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Приозерск қаласының бюджеті есебінен қарастырылған 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасының 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" және 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" кіші бағдарламалары бойынша жүргізілсін.
      4. Жұмысқа қабылданғандардың еңбекақы төлемі үшін жұмыс берушілер шығынының ай сайынғы өтемақы мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын және жеке табыс салығын қосқанда, жалақы мөлшерінен алғашқы алты айда 50 пайызды, келесі үш айда 30 пайызды, соңғы үш айда 15 пайызды құрайды.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Приозерск қаласының әкiмi                  Е. Өтешев

Приозерск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 16 ақпандағы
N 5/1 қаулысына қосымша

Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі

N р/с

Ұйымның атауы

Кәсібі (мамандығы)

Жұмыс орындарының саны

Жұмыс ұзақтығы (айлар)

Бір жұмыскерге айлық жалақы мөлшері, теңге

Бір жұмыскерге өтемақы мөлшері, теңге

1

Жеке кәсіпкер Көбенов О.Ш

Қосалқы жұмысшы

1

Алғашқы алты айда

52 000

26 000

Келесі үш айда

52 000

15 600

Соңғы үш айда

52 000

7 800

2

"Жайлау-2008" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қосалқы жұмысшы

2

Алғашқы алты айда

52 000

26 000

Келесі үш айда

52 000

15 600

Соңғы үш айда

52 000

7 800

3

"СтройПремиум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қосалқы жұмысшы

6

Алғашқы алты айда

52 000

26 000

Келесі үш айда

52 000

15 600

Соңғы үш айда

52 000

7 800

4

"Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өнер және спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қосалқы жұмысшы

1

Алғашқы алты айда

52 000

26 000

Келесі үш айда

52 000

15 600

Соңғы үш айда

52 000

7 800

5

"Қалқан-2009" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жүргізуші

5

Үш айда

34 878

17 439

Қосалқы жұмысшы

10

Үш айда

34 878

17 439

6

"Гранд құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қосалқы жұмысшы

5

Үш айда

34 878

17 439


Барлығы:


30




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады