Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда қалалық мәслихатының 08.01.2013 N 24 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43–1-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 51/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 қаңтардағы N 52/1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-201 тіркелген, 2012 жылы 18 қаңтарда N 4 "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2012 жылы 19 қаңтарда N 3 "Ел тілегі" газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кірістер – 20 699 048 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 885 213 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 43 917 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 678 254 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 13 091 664 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шығындар – 21 113 659 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) таза бюджеттік кредит беру – 30 595 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 33 978 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) бюджет тапшылығы (профициті) – -514 351 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 514 351 мың теңге;
қарыздар түсімі – 1 045 978 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 531 627 мың теңге;";
2) "2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 51/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 1 ақпандағы N 2/1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-205 тіркелген, 2012 жылы 8 ақпанда N 7 "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2012 жылы 8 ақпанда N 6 "Ел тілегі" газетінде жарияланған):
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кірістер – 20 696 371 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 885 213 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 43 993 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 678 254 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 13 088 911 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шығындар – 21 790 201 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) таза бюджеттік кредит беру – 35 358 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 38 741 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 198 333 мың теңге;";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 1 198 333 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 531 627 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 683 982 мың теңге.".
2. "Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 5/4 шешімі жойылсын.
3. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезекті
ІХ сессиясының төрағасы Б. Мастеков
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы И. Құттықожаев