Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы N 130 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 24 шілдеде N 10-3-203 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 08 тамыздағы N 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 08.08.2013 N 212 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты, "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихаты сессиясының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 248 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 қаңтарда 10-3-194 нөмерімен тіркелген) негізінде Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық  қамтамасыз ету үшін білім алу кезеңінде тоқсан сайын әр балаға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Аяпов) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Раймбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі                         Н. Мұсабаев
       

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады