"2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 нарыздағы N 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 қарашадағы N 237 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 22 қарашада N 4342 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 04 наурыздағы N 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 04.03.2013 N 79 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Арал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-3-198 санымен тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірде "Толқын" газетінде жарияланған) N 49 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
N 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
      Қаулының 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы               М. Оразбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қызылорда
      облысының денсаулық сақтау
      басқармасының "Арал аудандық емханасы"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
      бас дәрігері
      __________________Ш. Медетов
      "____"____________2012 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министрлігі Қызылорда облысы
      ішкі істер департаментінің
      Арал аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________Ә. Қосбармақов
      "____"____________2012 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысы "Арал ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________Қ. Ахметов
      "____"____________2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады