РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 361 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-161 нөмірімен тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінің 2012 жылғы 09 қаңтардағы N 2 шығарылымында жарияланған); аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының "Біржолғы талон құнын белгілеу туралы" N 362 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-162 нөмірімен тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 3-4 шығарылымында жарияланған); аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының "Жер салығының ставкалары туралы" N 363 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-163 нөмірімен тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінің 2012 жылғы 09 қаңтардағы N 2 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда аталған шешімдердің келісу таңбасы келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің Сырдария ауданы бойынша cалық басқармасының бастығы".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті | |
ІV сессиясының төрағасы | И. Абдукаликов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Маншарипов |