Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 361 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 23 желтоқсанда № 10-8-161 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 48 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 29.07.2016 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен (қолданысқа алғаш ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Кодексінің 422-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен (қолданысқа алғаш ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХХХІІ сессиясының төрағасы Р. Есенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев
      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігі Салық
      Комитетінің Қызылорда
      облысы бойынша Салық
      департаментінің Сырдария
      ауданы бойынша Салық
      басқармасының бастығы
      _____________Ф. Қожабергенов
      30 қараша 2011 жыл

      Ескерту. Келісу таңбасына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.03.20 N 36 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

  2011 жылғы "30" қарашадағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІ
сессиясының N 361 шешіміне
1-қосымша

Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен (қолданысқа алғаш ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі).

Рет
N
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады