"Шиелі кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы"

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 қарашадағы N 9/8 және Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы N 2101 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 20 желтоқсанда N 4371 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 108-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Шиелі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нартай Бекежанов ауылының батыс бөлігіндегі жалпы көлемі 280,0 гектар жер учаскесін Шиелі кентіне қосып, Шиелі кентінің шекарасы (шегі) 3802,0 гектарға өзгертілсін.
      2. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ІХ сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                   Ә. Оразбекұлы

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                           Қ. Оңғаров      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады