Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 12.04.2024 № 15/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шиелі кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен | |
тыс ІХ сессиясының төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | Ә. Оразбекұлы |
2012 жылғы "15" қарашадағы Шиелі аудандық мәслихатының N 9/9 шешіміне 1-қосымша |
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
2012 жылғы "15" қарашадағы Шиелі аудандық мәслихатының N 9/9 шешіміне 2-қосымша |
Шиелі кентінің жерлерін аймақтарға бөлу бағалау аймақтарының шекаралары
АймақN | Жер-кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі аймақтардың шекаралары | Аймақ ауданы га |
I. | I аймақ (011 кварталы) | 483,13 |
Аймақтың солтүстігі К-3 қашыртқыдан басталып, шығысы өндірістік аймаққа баратын жолмен, оңтүстігі Самара-Шымкент автотрассасымен, батысынан Шиелі орман шаруашылығының жерімен шектеседі | ||
I. | I аймақ 1-учаске (003,005 кварталдары) | 143,78 |
Аймақтың шекарасы солтүстік батыстан шығыс бағытта темір жолмен, шығыстан оңтүстік батысқа қарай Бұдабай көшесімен, оңтүстік батысы Базар арығын бойлап, солтүстік батысы темір жолға келіп түйіседі | ||
ІІ | ІІ-аймақ (001,002,006,007 кварталдар) | 469,0 |
Аймақтың шекарасы солтүстік шығысы темір жолмен Базар арығына дейін келіп, шығыс беті Базар арығымен, солтүстік батысы Бұдабай көшесімен шектесіп, темір жолмен жалғасады, шығысы Ш.Бәкіров көшесімен шектесіп, Жайлыбаев көшесімен жалғасып, оңтүстігі К-4 қашыртқысын бойлап, батысынан Бәйтерек мөлтек ауданын қамтиды | ||
ІІІ | ІІІ аймақ 1-учаске (008,009,010 кварталдар) | 638,08 |
Аймақтың шекарасының батысы оңтүстік өндірістік аймақпен, солтүстігі К-3 қашыртқымен, шығысында Ә.Шорабаев шаруа қожалығын айналып өтіп Н.Бегежанов көшесімен бойлап, әрі қарай оңтүстік шығысы Ш.Бәкіров көшесімен оңтүстік батысқа қарай темір жолмен, солтүстігі Самара-Шымкент автотрассасымен шектеседіі. | ||
IV | IV- аймақ 1 учаске 037 кварталы) | 150,0 |
Кенттің солтүстігіндегі "Алты қора" өңірі. | ||
IV- аймақ 2 учаске (001,008,038 кварталдары) | 1669,58 | |
Аймақтың батысы М.Шоқай көшесінен басталып, Жайлыбаев көшесімен Ш.Бәкіров көшесін бойлай, Н.Бегежанов көшесімен және солтүстігі К-3 қашыртқымен, шығысы Керделі ауылдық округінің жерімен және РУ-6 кен өндіру кешеніне баратын өндірістік жолмен шектессе, оңтүстігі "Шұғыла" мөлтек ауданын толығымен қамтиды. | ||
IV- аймақ 3 учаске (028 квартал) | ||
Береке мөлтек ауданын толығымен қамтиды Солтүстігі қашыртқымен, оңтүстігі арықпен, батысы Ыбырай Жахаев ауылымен шектеседі | 248,43 | |
3802,0 |
2012 жылғы "15" қарашадағы Шиелі аудандық мәслихатының N 9/9 шешіміне 3-қосымша |
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтың нөмірі | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері |
I | 2,0 |
II | 1,5 |
III | 1,0 |
IV | 0,5 |