РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.08.2013 № 244 қаулысымен.
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы N 1059 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі N 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2129 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2012 жылғы 5 маусымда N 98-99 (8179) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Г.М. Қалмұратова) осы қаулыны Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Мұхаметжанов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
А.Қ. Жұмағалиев
26 қараша 2012 жыл