Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қаңтарда № 2201 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.08.2013 № 244 қаулысымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) «Cпорт шеберіне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) «Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, бұқаралық ақпараттар құралдарында және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Х. Нұрғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             Б. Мұхаметжанов
 
 

«КЕЛІСІЛДІ»
 

Маңғыстау облысының туризм,
дене шынықтыру және спорт
басқармасының бастығы
С.И. Пахомов
«28» декабря 2012 жыл


Маңғыстау облысы әкімдігінің
«28» декабря 2012 жылғы
№ 346 қаулысымен бекітілген
 

«Спорт құрылыстарына санаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламентері
 

1. Жалпы ережелер
 

      1. Осы регламентте «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) алушылар – спорт құрылыстарының басшылары;
      2) жергілікті атқарушы орган – «Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ЖАО);
      3) Орталық – «Маңғыстау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы;
      4) комиссия – спорт құрылыстарына санаттар беру бойынша мәселелерді алқалық қарастыру үшін ЖАО құрылған кеңестік-кеңес беру органы.
      2. Осы регламент «Әкімшілік ресімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
      3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1 - тармағына сәйкес Орталықтар арқылы ЖАО-мен көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған
      5. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 17) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын беру туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Министрінің «Спорттық құрылыстарды қолдану Қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығының негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште стандартқа 4 қосымшаға сәйкес спорт ғимаратына паспорттың үлгілік нысанында көрсетілген санатты беру болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты стандарттың 1-тармағында көрсетілген ЖАО-дан және Орталықтан, сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімдігінің www.mangystau.kz ресми порталынан, аудандар мен Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарынан алуға болады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі болып мыналар табылады:
      1) стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;
      Алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде Орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушымен құжаттар берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) алушы Орталыққа құжаттарды ұсынады;
      2) Орталықтың қызметкері құжаттарды тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды ЖАО-ға қайта жолдайды;
      Орталықтан ЖАО-ға құжаттарды жолдау фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрих-код сканерінің көмегімен жазылып алынады;
      3) ЖАО-ның кеңсе қызметкері құжаттарды тіркеуді жүргізеді және ЖАО-ның басшысына ұсынады;
      4) ЖАО-ның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;
      5) ЖАО-ның орындаушысы құжаттарды қарайды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), құжаттарды комиссия немесе біліктілік комиссияға қарастыруға ұсынады, немесе қарастырудан дәлелді бас тартуды дайындайды және басшыға ұсынады;
      6) комиссия немесе біліктілік комиссия құжаттарды қарастырады және хаттамалық шешім шығарады;
      7) ЖАО-ның орындаушысы хаттамалық шешімінің негізінде бұйрық немесе дәлелді бас тартуды дайындайды;
      8) ЖАО-ның басшысы бұйрыққа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;
      9) ЖАО-ның орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда);
      ЖАО-дан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде келіп түскен құжаттар штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді;
      10) Орталықтың қызметкері алушыға көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іс-әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
      сұрау жасалған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      13. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) Орталықтың қызметкері;
      2) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері;
      3) ЖАО-ның кеңсе қызметкері;
      4) ЖАО-ның басшысы;
      5) ЖАО-ның орындаушысы.
      15. Әрбір ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттері мен әкімшілік әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімі көрсетілген өзара байланысы мен дәйектілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. ЖАО-ның және Орталықтың басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.
      18. Алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша стандарттың 5-бөліміне сәйкес шағымдануға құқылы.
 
 

«Спорт құрылыстарына санаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
 

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
 

Негізгі үдерістің іс-әрекетері (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

ҚФБ атауы

Орталық

тың қызмет

кері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

ЖАО-ның басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Орталықтың қызметкері

ЖАО-ның орындаушысы

Орталықтың қызметкері

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, қарау

Құжаттарды жинақтау, ЖАО-ға қайта жолдау

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттар

ды қарау

Құжаттарды қарау, паспортты немесе дәлелді бас тартуды дайындау

Паспортқа немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Паспортты немесе дәлелді бас тартуды Орталыққа жолдау

Паспортты немесе дәлелді бас тартуды тіркеу, штрих-код сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттарды белгілеу

Орталыққа көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды жолдайды

Көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды қабылдау кезінде келіп түскен құжаттар штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Тіркеу және Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкеріне ұсыну

Құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу

ЖАО-ның басшысына ұсыну

Орындаушыны анықтау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Паспортты немесе дәлелді бас тартуды орындаушыға жолдау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркеу

Паспортты немесе дәлелді бас тартуды алушыға беру

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Орталықтың қызметкері алушыға көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды береді

5

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

1 күнтізбелік күн ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

5 күнтізбелік күн ішінде

25 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

Өтінішті қарастырудан дәлелді бас тарту болған жағдайда 1 жұмыс күн ішінде

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
 

Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның

басшысы

ЖАО-ның

орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

1. Құжаттарды қарау

3. Құжаттарды жинақтау және ЖАО-ға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу, басшыға ұсыну

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және Комиссия немесе біліктілік комиссиясына жолдау

7. Құжаттарды қарастыру және хаттамалық шешім шығару

2. Құжаттарды тіркеу





9. Бұйрыққа қол қою

8. Хаттамалық шешім негізінде бұйрық дайындау



11. Паспортты тіркеу және алушыға беру







10.Көшірмелерді Орталыққа жолдау



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
 

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның

басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

1. Құжаттарды қарау

3. Құжаттарды жинақтау және ЖАО-ға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу, басшыға ұсыну

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және Комиссия немесе біліктілік комиссиясына ұсыну, өтінішті қараструдан дәлелді бас тартуды дайындау және басшыға ұсыну

7. Құжаттарды қарастыру және хаттамалық шешім шығару

2. Құжаттарды тіркеу





9. Дәлелді бас тартуға қол қою

8. хаттамалық шешімі негізінде дәлелді бас тартуды дайындау



11. Дәлелді бас тартуды тіркеу және алушыға беру







10. Дәлелді бас тартуды Орталыққа жолдау




«Спорт құрылыстарына санаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы
 

(сызбаны қағаз жүзінен қараңыздар)
 

Маңғыстау облыс әкімдігінің
«28» желтоқсан 2012 жылғы
№ 346 қаулысымен бекітілген

«Спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы - спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы регламентте «Спорт шеберiне үміткер, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы - спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) алушылар – жаттықтырушылар, әдіскерлер, нұсқаушылар, спортшылар және спорт төрешілері, спорттық разрядтары мен біліктіліктерін ресми тану мақсатында;
      2) жергілікті атқарушы орган – «Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ЖАО);
      3) комиссия – спорттық разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру мәселелерін алқалы қарау үшін ЖАО-да құрылған консультативтік-кеңесші орган;
      4) біліктілік комиссиясы – дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер санаттарын беру үшін ЖАО-да құрылған комиссия;
      5) Орталық – «Маңғыстау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы;
      6) орындаушы - міндеттеріне «спорт шеберіне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық санаттар мен разрядтарын беру бойынша құжаттарды ресiмдеу кіретін ЖАО-ның қызметкері.
      2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының және және «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Спорт шеберлігіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі» спорттық санаттар мен разрядтарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
      3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес Орталықтар арқылы ЖАО-мен көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабының 2)3)4) және 5) тармақтарының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының және «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан көшірме (бұдан әрі - көшірме) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты стандарттың 1-тармағында көрсетілген ЖАО-дан және Орталықтан, сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімдігінің www.mangystau.kz ресми порталынан алуға болады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында қарастырылған.
      10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі болып мыналар табылады:
      1) стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;
      3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.
      Алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде Орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушымен құжаттар берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) алушы Орталыққа құжаттарды ұсынады;
      2) Орталықтың қызметкері құжаттарды тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды ЖАО-ға қайта жолдайды;
      Орталықтан ЖАО-ға құжаттарды жолдау фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрих-код сканерінің көмегімен жазылып алынады;
      3) ЖАО-ның кеңсе қызметкері құжаттарды тіркеуді жүргізеді және ЖАО-ның басшысына ұсынады;
      4) ЖАО-ның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;
      5) ЖАО-ның орындаушысы құжаттарды қарайды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), комиссияның немесе біліктілік комиссиясының қарауына құжаттарды ұсынады, болмаса өтінішті қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты дайындайды және басшыға ұсынады;
      6) комиссия немесе біліктілік комиссиясы құжаттарды қарайды және хаттамалық шешім шығарады;
      7) ЖАО-ның орындаушысы хаттамалық шешім негізінде бұйрықты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды;
      8) ЖАО-ның басшысы бұйрыққа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;
      9) ЖАО-ның орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (көшірмені немесе дәлелді бас тартуды) Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда);
      ЖАО-дан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде келіп түскен құжаттар штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді;
      10) Орталықтың қызметкері алушыға көшірмені немесе дәлелді бас тартуды береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іс-әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
      сұрау жасалған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      13. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа стандарттың 11-тармағында көрсетілген, осы Регламенттің 1)2)3)4) қосымшаларына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) Орталықтың қызметкері;
      2) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері;
      3) ЖАО-ның кеңсе қызметкері;
      4) ЖАО-ның басшысы;
      5) ЖАО-ның орындаушысы;
      6) комиссия немесе біліктілік комиссиясы.
      15. Әрбір ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттері мен әкімшілік әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімі көрсетілген өзара байланысы мен дәйектілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламенттің 6-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. ЖАО-ның және Орталықтың басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.
      18. Алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша стандарттың 5-бөліміне сәйкес шағымдануға құқылы.



«Спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық
разряд, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, бірiншi санатты
спорт төрешiсi, спорттық төреші»
cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Нысан

Біліктілік комиссиясының төрағасы
____________________________________
___________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
 

ӨТІНІШ

________________________
(спорт түрі)

 
Мен,_______________________________________________________________
Туған жылы _____________________
Спорттық атағы _________________, құрметті атағы_____________________
Жұмыс орны, атқаратын қызметі______________________________________
Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі_______________________________
Үйінің мекенжайы:____________________________________________________
Маған ___________________________________________ беру туралы мәселені
қарауыңызды сұраймын.
Спорттық атақты беру үшін негіз ретінде мына жұмыс нәтижелерін санаймын:
____________________________________________________________________

 
      «___» ______________ 20___ ж.

      ____________________
          (жеке қолы)
 


«Спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық
разряд, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты
нұсқаушы - спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi»
cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Нысан

Нәтижелер туралы анықтама

_________________________________________________________ берілді
                     Т.А.Ә.
_________________________________________________________ қаласы
Жарыстың өткен мерзімі және орны __________________________________
Салмақ санаты _________________________________ кг дейін.
Алған орны __________________________________________
Аталған салмақ санатында қатысқан спортшылардың саны
__________________________________________________________________
 

Р/с

Спортшының тегі, аты

Облысы (қаласы)

Спорттық атағы

Нәтижесі






Жарыстардың бас төрешісі _________________________________________                                         (Т.А.Ә.)
Жарыстың бас хатшысы ____________________________________________                                         (Т.А.Ә.)
Жарыстың бас төрешісінің қолы өткізуші ұйымның мөрімен расталады.
____________________________________________________________________
(жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушылардың біліктілік санаттарын беру қағидаларымен таныстым)
 

20__ жылғы «___»________________



«Спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық
разряд, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, бірiншi санатты
спорт төрешiсi»
cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
 

Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА

__________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)

Р/с

Дайындаған спортшының тегі, аты

Туған жылы

Спортшымен жұмыс істеген өтілі

Растаушы құжат

Спорттық нәтижесі

Тіркелген (берілген) орны

Растаушы құжат










Басшының қолы

М.О. 20 ___ ж. «____» ____________
 

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының қолы
___________________
 

М.О. 20 ___ ж. «_____» ___________
 
 

«Спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық
разряд, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт
төрешiсi» cпорттық разрядтары мен
санаттарын беру»мемлекеттік қызмет
регламенті
4-қосымша
 

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмысшыларының лауазымдары үшін біліктілік талабы
 

      1. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы
      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:
      Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының бір қатысушысын дайындау;
      Азия ойындарында, Азия Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарында спорт түрлерiнен немесе спорттың ойын түрлерiнен жеке, командалық нөмiрлерде 4-6 орын алған бiр спортшыны дайындау;
      Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Дүниежүзiлiк универсиадалар бір спортшы қатысушысын дайындау;
      мүгедектер спорты түрлерiнен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзiлiк мүгедектер ойындарында, Азия жасөспiрiмдер паралимпиадалық ойындарында спорттың жеке немесе ойын түрлерiнен 6-9 орын алған бiр спортшыны дайындау;
      халықаралық кешендi жеткiншектер арасындағы ойындарда жеке немесе спорттың ойын түрлерiнен 4-6 орын алған бiр спортшыны дайындау;
      жеткiншектер арасында мүгедектер спорты түрiнен әлем немесе Азия чемпионатында 4-6 орын алған бiр спортшыны дайындау;
      республиканың ұлттық құрама командасына екі спортшыны дайындау;
      немесе республиканың жастар құрама командасына үш спортшыны дайындау;
      республиканың жасөспiрiмдер құрама командасына төрт спортшыны дайындау;
      спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжiнде одан әрi жаттығуы үшiн төрт спортшыны тапсыру;
      елдiң құрама командасының бас, мемлекеттiк, аға жаттықтырушысы ретiнде кемiнде үш жыл жаттықтырушы-оқытушы ретiнде жұмыс iстеу;
      дене шынықтыру және спорт жөнiндегi республикалық немесе облыстық уәкiлеттi органда кемiнде екi жыл ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс iстеу.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнiндегi стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, басқа да дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, заманауи спорт ғылымы жетiстiктерi, отандық және шетелдiк спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдiстерiн мен үрдiстерiн, спорт түрiнен оқу-жаттығу процесiн ұйымдастыру, еңбек заңнамасының еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

      2. Біліктiлiгі орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы
      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:
      Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындардың бiр қатысушысын дайындау;
      Азия ойындарында, Азия Паралимпиадалық, Сурдолимпиадалық ойындарында спорт түрлерiнен жеке, командалық нөмiрлерде немесе ойын спорты түрлерiнен 4 - 6 - орын алған бiр спортшыны дайындау;
      Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Дүниежүзiлiк универсиадалардың бiр қатысушысын дайындау;
      мүгедектер спорты түрлерiнен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзiлiк мүгедектер ойындарында, Азия жасөспiрiмдер паралимпиадалық ойындарда спорттың жеке немесе ойын түрлерiнен бiр қатысушыны немесе жастар мен студенттердiң әлем чемпионатында 1-орын алған бiр спортшыны дайындау;
      кешендi халықаралық жасөспiрiмдер ойындарында спорттық жеке немесе ойын түрлерiнен 6-9-орын алған бiр спортшыны дайындау;
      жеткiншектер арасындағы әлем немесе Азия чемпионатында 4-6-орын алған бiр спортшыны дайындау;
      республиканың ұлттық құрама командасына екi спортшыны дайындау;
      немесе республиканың жастар құрама командасына үш спортшыны дайындау;
      республиканың жасөспiрiмдер құрама командасына төрт спортшыны дайындау;
      спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжiнде одан әрi жаттығу үшiн екi спортшыны тапсыру;
      елдiң құрама командасының бас, мемлекеттiк, аға жаттықтырушысы ретiнде кемiнде бiр жыл жаттықтырушылық-оқытушылық жұмыс iстеу;
      дене шынықтыру және спорт жөнiндегi республикалық немесе облыстық уәкiлеттi органда кемiнде екi жыл ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс iстеу.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнiндегi стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, басқа да дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, заманауи спорт ғылымы жетiстiктерi, отандық және шетелдiк спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдiстерiн мен үрдiстерiн, спорт түрiнен оқу-жаттығу процесiн ұйымдастыру, еңбек заңнамасының еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.
      3. Біліктiлiгі жоғары деңгейдегi бірінші санатты спортшы - нұсқаушы
      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары немесе орта бiлiм, соның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамында әлем чемпионаттарында 4-6-орын;
      Азия чемпионаттарында 1-3-орын, Азия ойындары мен Еуропа чемпионаттарында 3-5-орын;
      жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1-3-орын, олимпиадалық спорт түрлерiнен жастар арасындағы Азия чемпионаттарында 1-орын, олимпиадалық емес спорт түрлерiнен әлем чемпионаттарында 1-3-орын, олимпиадалық емес спорт түрлерiнен Азия чемпионаттарында 1-орын алуы тиіс.
      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, еңбек заңнамасының негiздерiн, техника қауiпсiздiгi ережесiн мен санитарлық-гигиеналық нормаларын және спорттық жаттықтыру негiздерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, спорт түрлерiнен жарыстардың ережесiн, допингке қарсы ережелерін.
      4. Біліктiлiгі жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер
      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:
      жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;
      спорттан бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi;
      жоғары спорт шеберлiгi мектептерiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс, жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы 2 жыл iшiндегi оқытушылық жұмыс;
      республикалық және облыстық уәкiлеттi органдағы 2 жыл iшiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.
      5. Біліктiлiгі орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер
      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi;
      дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 2 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;
      спорттан бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi;
      жоғары спорт шеберлiгi мектептерiндегi 2 жыл iшiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс;
      дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық және облыстық уәкiлеттi органдағы 2 жыл iшiндегi ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және басқарушылық жұмыс.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.



«Спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық
разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi
бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi»
cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
5-қосымша
 

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
 

Негізгі үдерістің іс-әрекетері (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

ҚФБ атауы

Орталық

тың қызмет

кері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

ЖАО-ның орындаушысы

ЖАО-ның Басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Орталықтың қызметкері

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, қарау

Құжаттарды жинақтау, ЖАО-ға қайта жолдау

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттар

ды қарау

Құжаттарды қарау, немесе Комиссия немесе біліктілік комиссиясына жолдау немесе дәлелді бас тартуды дайындау және басшыға ұсыну

Құжаттар

ды қарау

Хаттамалық шешімі немесе дәлелді бас тартудың негізінде

көшірме дайындау

Көшірмеге немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Орталыққа көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды жолдайды

Көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды қабылдау кезінде келіп түскен құжаттар штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Тіркеу және Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкеріне ұсыну

Құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу

ЖАО-ның басшысына ұсыну

Орындаушыны анықтау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Хаттамалық шешім қабылдау

Басшыға жолдау

Көшірмені немесе дәлелді бас тартуды орындаушыға жолдау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Орталықтың қызметкері алушыға көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды береді

5

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

1 күнтізбелік күн ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

25 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

Өтінішті қарастырудан дәлелді бас тарту болған жағдайда 1 жұмыс күн ішінде


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
 

Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның

басшысы

ЖАО-ның

орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

1. Құжаттарды қабылдау

3. Құжаттарды жинақтау және ЖАО-ға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу, басшыға ұсыну

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және Комиссия немесе біліктілік комиссиясына жолдау

7. Құжаттарды қарастыру және хаттамалық шешім шығару

2. Құжаттарды тіркеу



9. Көшірмеге қол қою

8. Хаттамалық шешім негізінде бұйрық дайындау


11. Көшірмені тіркеу және алушыға беру




10.Көшірмелерді Орталыққа жолдау



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
 

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның

басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

1. Құжаттарды қабылдау

3. Құжаттарды жинақтау және ЖАО-ға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу, басшыға ұсыну

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және Комиссия немесе біліктілік комиссиясына ұсыну, өтінішті қараструдан дәлелді бас тартуды дайындау және басшыға ұсыну

7. Құжаттарды қарастыру және хаттамалық шешім шығару

2. Құжаттарды тіркеу



9. Дәлелді бас тартуға қол қою

8. Хаттамалық шешімі негізінде дәлелді бас тартуды дайындау


11. Дәлелді бас тартуды тіркеу және алушыға беру




10. Дәлелді бас тартуды Орталыққа жолдау




«Спорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық
разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi
бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi»
cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
6-қосымша

Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы

(сызбаны қағаз жүзінде қараңыз)
 
 

Маңғыстау облыс әкімдігінің
«28» желтоқсан 2012 жылғы
№ 346 қаулысымен бекітілген

«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер, спорт төрешісі cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»  мемлекеттік қызмет регламенті
 

1. Жалпы ережелер
 

      1. Осы регламентте «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер, спорт төрешісі cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) алушылар – жаттықтырушылар, әдіскерлер, нұсқаушылар, спортшылар және спорт төрешілері спорттық разрядтары мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында;
      2) жергілікті атқарушы орган – дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО);
      3) комиссия – спорттық разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру мәселелерін алқалы қарау үшін ЖАО-да құрылған консультативтік-кеңесші орган;
      4) біліктілік комиссиясы – дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер санаттарын беру үшін ЖАО-да құрылған комиссия;
      5) Орталық – «Маңғыстау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы;
      6) орындаушы - міндеттеріне «екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер, спорт төрешісі cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру бойынша құжаттарды ресiмдеу кіретін ЖАО-ның қызметкері.
      2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының және «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Жасөспірімдер арасындағы екiншi және үшiншi, бірiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық санаттар мен разрядтарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
      3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес Орталықтар арқылы ЖАО-мен көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабының 2)3)4) және 5) тармақтарының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы №02-02-18/29 бұйрығының және «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан көшірме (бұдан әрі - көшірме) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты стандарттың 1-тармағында көрсетілген ЖАО-дан және Орталықтан, сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімдігінің www.mangystau.kz ресми порталынан алуға болады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында қарастырылған.
      10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негізі болып мыналар табылады:
      1) стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;
      3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.
      Алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде Орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушымен құжаттар берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) алушы Орталыққа құжаттарды ұсынады;
      2) Орталықтың қызметкері құжаттарды тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды ЖАО-ға қайта жолдайды;
      Орталықтан ЖАО-ға құжаттарды жолдау фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрих-код сканерінің көмегімен жазылып алынады;
      3) ЖАО-ның кеңсе қызметкері құжаттарды тіркеуді жүргізеді және ЖАО-ның басшысына ұсынады;
      4) ЖАО-ның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;
      5) ЖАО-ның орындаушысы құжаттарды қарайды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), комиссияның немесе біліктілік комиссиясының қарауына құжаттарды ұсынады, болмаса өтінішті қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты дайындайды және басшыға ұсынады;
      6) комиссия немесе біліктілік комиссиясы құжаттарды қарайды және хаттамалық шешім шығарады;
      7) ЖАО-ның орындаушысы хаттамалық шешім негізінде көшірмені немесе дәлелді бас тартуды дайындайды;
      8) ЖАО-ның басшысы бұйрыққа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;
      9) ЖАО-ның орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (көшірмені немесе дәлелді бас тартуды) Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда);
      ЖАО-дан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде келіп түскен құжаттар штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді;
      10) Орталықтың қызметкері алушыға көшірмені немесе дәлелді бас тартуды береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іс-әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
      сұрау жасалған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      13. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа стандарттың 11-тармағында көрсетілген, осы Регламенттің 1)2)3)4) қосымшаларына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) Орталықтың қызметкері;
      2) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері;
      3) ЖАО-ның кеңсе қызметкері;
      4) ЖАО-ның басшысы;
      5) ЖАО-ның орындаушысы;
      6) комиссия немесе біліктілік комиссиясы.
      15. Әрбір ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттері мен әкімшілік әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімі көрсетілген өзара байланысы мен дәйектілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. ЖАО-ның және Орталықтың басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапкершілікте болады.
      18. Алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша стандарттың 5-бөліміне сәйкес шағымдануға құқылы.



«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және
үшінші спорттық жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi
екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер,
спорт төрешісі cпорттық разрядтары мен санаттарын
беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
 

Біліктілік комиссиясының төрағасы____________________________________
____________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
 

ӨТІНІШ
________________________
(спорт түрі)

Мен,______________________________________________________________
Туған жылы _____________________
Спорттық атағы _________________, құрметті атағы_____________________
Жұмыс орны, атқарылатын қызметі___________________________________
Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі_____________________________
Үйінің мекенжайы:________________________________________________
Маған ____________________________________________________________ беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.
Спорттық атақты беру үшін негіз ретінде мына жұмыс нәтижелерін негіз болады санаймын:
________________________________________________________________
 

      «___» ______________ 20___ ж.
      ____________________
          (жеке қолы)
 


«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және
үшінші спорттық жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi
екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер,
спорт төрешісі cпорттық разрядтары мен санаттарын
беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
 

Нысан
 

Нәтижелер туралы анықтама

_________________________________________________________ берілді
                          Т.А.Ә.
_________________________________________________________ қаласы
Жарыстың өткен мерзімі және орны __________________________________
Салмақ санаты _________________________________ кг дейін.
Алған орны __________________________________________
Аталған салмақ санатында қатысқан спортшылардың саны
__________________________________________________________________
 

Р/с

Спортшының тегі, аты

Облысы (қаласы)

Спорттық атағы

Нәтижесі






 
Жарыстардың бас төрешісі _________________________________________
                                     (Т.А.Ә.)
Жарыстың бас хатшысы ____________________________________________                                           (Т.А.Ә.)
Жарыстың бас төрешісінің қолы өткізуші ұйымның мөрімен расталады.
____________________________________________________________________
(жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушылардың біліктілік санаттарын беру қағидаларымен таныстым)
 

20__ жылғы «___»________________
________________________________
 


«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және
үшінші спорттық жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi
екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер,
спорт төрешісі cпорттық разрядтары мен санаттарын
беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
 

Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы АНЫҚТАМА

__________________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты)

Р/с

Дайындаған спортшының тегі, аты

Туған жылы

Спортшымен жұмыс істеген өтілі

Растаушы құжат

Спорттық нәтижесі

Тіркелген (берілген) орны

Растаушы құжат










Басшының қолы

М.О. 20 ___ ж. «____» ____________
 


«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және
үшінші спорттық жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi
екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер,
спорт төрешісі cпорттық разрядтары мен санаттарын
беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша
 

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмысшыларының лауазымдары үшін біліктілік талабы
 

1. Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:
      халықаралық кешендi жеткiншектер арасындағы ойындарда жеке немесе спорттың ойын түрлерiнен 6-8 орын алған бiр спортшыны дайындау;
      немесе жеткiншектер арасында мүгедектер спорты түрiнен әлем немесе Азия чемпионатында 6-8 орын алған бiр спортшыны дайындау;
      немесе спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжiнде одан әрi жаттығуы үшiн екі спортшыны тапсыру;
      немесе Алматы және Астана қалаларының, облыстың құрама командасына үш спортшы дайындау;
      немесе дене шынықтыру және спорт жөнiндегi республикалық немесе облыстық уәкiлеттi органда кемiнде екi жыл ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс iстеу.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнiндегi стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, басқа да дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, заманауи спорт ғылымы жетiстiктерi, отандық және шетелдiк спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдiстерiн мен үрдiстерiн, спорт түрiнен оқу-жаттығу процесiн ұйымдастыру, еңбек заңнамасының еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

2. Біліктiлiгі орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы

      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 2 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:
      Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Дүниежүзiлiк жасөспірімдер ойындарының, ТМД, Балтия және Ресей елдерінің өңірлерінің халықаралық жасөспірімдер ойындарының жеке және ойын спорт түрлерінен бiр қатысушысын дайындау;
      мүгедектер спорты түрлерiнен әлем, Азия чемпионаттарында, Дүниежүзiлiк мүгедектер ойындарында, Азия жасөспiрiмдер паралимпиадалық ойындарда спорттың жеке немесе ойын түрлерiнен бiр қатысушыны немесе жастар мен студенттердiң әлем чемпионатында 1-орын алған бiр спортшыны дайындау;
      спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта немесе спорт колледжiнде одан әрi жаттығу үшiн төрт спортшыны тапсыру;
      Алматы және Астана қалаларының, облыстың құрама командасына үш спортшы дайындау;
      дене шынықтыру және спорт жөнiндегi республикалық немесе облыстық уәкiлеттi органда кемiнде екi жыл ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс iстеу.
      дене шынықтыру және спорттың жоғарғы оқу орнын, немесе өзге жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі факультетін бітіру туралы дипломының, сонымен қатар, көрсетілген оқу орындарын және факультеттерін бітіру туралы дипломының және «Қазақстан Республикасының спорт шеберінен» төмен емес спорттық атағының болуы.
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнiндегi стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, басқа да дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, заманауи спорт ғылымы жетiстiктерi, отандық және шетелдiк спортты дамытудың жаңа медико-биологиялық және фармакологиялық әдiстерiн мен үрдiстерiн, спорт түрiнен оқу-жаттығу процесiн ұйымдастыру, еңбек заңнамасының еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

3.Біліктiлiгі жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы–спортшы

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары немесе орта бiлiм, соның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына спорт түрлері бойынша (спорттық клубтарыкіру;
      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, еңбек заңнамасының негiздерiн, техника қауiпсiздiгi ережесiн мен санитарлық-гигиеналық нормаларын және спорттық жаттықтыру негiздерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, спорт түрлерiнен жарыстардың ережесiн, допингке қарсы ережелерін.

4. Біліктiлiгі жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер

      Бiлiктiлiк талаптары: жоғары бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс, соның iшiнде:
      жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 1 жыл ғылыми-оқытушылық жұмысы;
      спорттан бiлiктiлiктiң жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер лауазымындағы жұмыс өтiлi;
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.

5. Біліктiлiгі орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер

      Бiлiктiлiк талаптары: орта бiлiм (дене шынықтыру), мамандығы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi;
      дене тәрбиесi және спорттық жаттықтыру саласындағы кемiнде 1 жыл ғылыми-оқытушылық жұмыс;
      спорттан бiлiктiлiктiң орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтiлi;
      Бiлуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, оқытудың әр түрлi кезеңдерiндегi спортшылардың даярлығын реттейтiн нормативтiк құжаттарын, оқу-жаттығу процесiн қамтамасыз ету нормативтерiн, оқу сабақтарын өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасын, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерін, еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау негiздерiн, өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық-гигиеналық нормаларын.



«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші,
екінші және үшінші спорттық жасөспірімдік разрядтар,
біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi
екінші санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi
екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер, спорт төрешісі cпорттық
разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
5-қосымша
 

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
 

Негізгі үдерістің іс-әрекетері (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

ҚФБ атауы

Орталық

тың қызмет

кері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

ЖАО-ның орындаушысы

ЖАО-ның Басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Орталықтың қызметкері

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, қарау

Құжаттарды жинақтау, ЖАО-ға қайта жолдау

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттар

ды қарау

Құжаттарды қарау, немесе Комиссия немесе біліктілік комиссиясына жолдау немесе дәлелді бас тартуды дайындау және басшыға ұсыну

Құжаттар

ды қарау

Хаттамалық шешімі немесе дәлелді бас тартудың негізінде

көшірме дайындау

Көшірмеге немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Орталыққа көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды жолдайды

Көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды қабылдау кезінде келіп түскен құжаттар штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)

Тіркеу және Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкеріне ұсыну

Құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу

ЖАО-ның басшысына ұсыну

Орындаушыны анықтау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Хаттамалық шешім қабылдау

Басшыға жолдау

Көшірмені немесе дәлелді бас тартуды орындаушыға жолдау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Орталықтың қызметкері алушыға көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды береді

5

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

1 күнтізбелік күн ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

25 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде

1 күнтізбелік күн ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

Өтінішті қарастырудан дәлелді бас тарту болған жағдайда 1 жұмыс күн ішінде


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
 

Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның

басшысы

ЖАО-ның

орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

1. Құжаттарды қабылдау

3. Құжаттарды жинақтау және ЖАО-ға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу, басшыға ұсыну

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және Комиссия немесе біліктілік комиссиясына жолдау

7. Құжаттарды қарастыру және хаттамалық шешім шығару

2. Құжаттарды тіркеу



9. Көшірмеге қол қою

8. Хаттамалық шешім негізінде бұйрық дайындау



11. Көшірмені тіркеу және алушыға беру




10.Көшірмелерді Орталыққа жолдау




3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
 

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың қызметкері

Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері

ЖАО-ның кеңсе қызметкері

ЖАО-ның

басшысы

ЖАО-ның орындаушысы

Комиссия немесе біліктілік комиссия

1. Құжаттарды қабылдау

3. Құжаттарды жинақтау және ЖАО-ға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу, басшыға ұсыну

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және Комиссия немесе біліктілік комиссиясына ұсыну, өтінішті қараструдан дәлелді бас тартуды дайындау және басшыға ұсыну

7. Құжаттарды қарастыру және хаттамалық шешім шығару

2. Құжаттарды тіркеу



9. Дәлелді бас тартуға қол қою

8. Хаттамалық шешімі негізінде дәлелді бас тартуды дайындау


11. Дәлелді бас тартуды тіркеу және алушыға беру




10. Дәлелді бас тартуды Орталыққа жолдау



«Екінші және үшінші разрядтар, бірінші,
екінші және үшінші спорттық жасөспірімдік
разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы,
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші
санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екінші
санатты әдiскер, спорт төрешісі cпорттық
разрядтары мен санаттарын беруу» мемлекеттік
қызмет регламентіне
6-қосымша
 

Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы

(сызбаны қағаз жүзінен қараңыздар)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады