Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17, 18 баптарына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) 2012 жылғы қаңтар-наурызда, 1995 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
1) тіркелуге жататын азаматтарды қаланың шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т.Елтизаровқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі О. Қазақбаев
«Ақтау қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г.Мендбаев
«20» қаңтар 2012ж.