2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 1 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 02 ақпанда № 11-3-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17, 18-баптарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында өткізілсін.
      Шақыру учаскесі «Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Қорғаныс бөлімі) базасында құрылсын.
      2. Село, селолық округтер әкімдері:
      Қорғаныс бөліміне әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттарды берсін;
      Қорғаныс бөліміне әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуда көмек көрсетсін.
      3. Мыналарға ұсынылсын:
      1) «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Борановқа:
      азаматтарды тіркеу кезеңінде Қорғаныс бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
      әскер жасына дейінгілердің шақыру учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесу;
      2) «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры З.Нұржановаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы №44 «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» қаулысымен айқындалған тәртіппен шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық комиссиядан өткізуді қамтамасыз ету;
      3) Қорғаныс бөлімінің бастығы С.Қабиевқа:
      әскер жасына дейінгілерді шақыру учаскесіне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру;
      тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жүргізу;
      2012 жылдың 15 сәуіріне дейін шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде аудан әкіміне ақпарат беру.
      4. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Нысанбаевқа азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асыру тапсырылсын.
      5. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                             Б.Әзірханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады