"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Аманкелді ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Барлық тұрғындарының кетуіне және қоныс аударуына байланысты Аманкелді ауданы Қарасу ауылдық округінің Бестөбе ауылы таратылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай
облысының әкімі Н. Садуақасов
Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Есжанов