Қостанай облысы Аманкелді ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 35 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 мамырда № 3801 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Аманкелді ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Барлық тұрғындарының кетуіне және қоныс аударуына байланысты Аманкелді ауданы Қарасу ауылдық округінің Бестөбе ауылы таратылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      Сессия төрағасы,
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Есжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады