Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Жітіқара теміржол станциясының ауданында орналасқан № 1, № 2 ұңғымалардың учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі директорының
міндетін атқарушы
___________________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2012 жылғы 11 қазандағы № 445 қаулысына қосымша |
Жітіқара теміржол станциясының ауданында
орналасқан № 1, № 2 ұңғымаларының учаскесінде
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары
Су тарту | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
№ 1, № 2 |
Радиусі - |
1,57 |
Ұзындығы |
36,1 |
Радиусі - |
314 |
Ескерту: "Қостанай облысы, Жітіқара ауданы. Жітіқара теміржол станциясының ауданында орналасқан 1 және 2 ұңғымаларының учаскесінде санитарлық қорғау аймақтарының белдеулер мөлшелерін негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген.
(Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)