Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 қарашада № 3877 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізудің қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Сауденова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының

      Табиғи монополияларды реттеу

      агенттігінің Қостанай облысы

      бойынша департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің (ММ) бастығы

      ______________________ А. Аужанов

      "Мемлекеттік энергетикалық қадағалау

      және бақылау комитетінің Қостанай

      облысы бойынша аумақтық департаменті"

      ММ бастығы

      ___________________________ Г. Иманов

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      энергетика және тұрғын үй-коммуналды

      шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      ________________________ Ә. Тәйкешов

      "Қостанай облыстық әкімдігінің

      экономика және бюджеттік жоспарлау

      басқармасы" мемлекеттік басқармасының

      бастығы

      _______________________ Г. Кисленкова

  Мәслихаттың
2012 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 76 шешімімен бекітілді

Қостанай облысында жылыту маусымына
дайындалу және өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тарауға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 24.12.2013 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2015 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2017 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      Осы Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген), негізінде әзірленген және Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.

      1. Қағида Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен объектілерін жылыту маусымына дайындалу және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді.

      2. Осы Қағидалар:

      1) облыстың жергілікті атқарушы органдарының;

      2) ведомстволық бағыныстылығы және меншік нысанына қарамастан, балансында, жедел басқаруында, шаруашылық жүргізуі немесе жалдауында, қызмет көрсетуінде жылумен жабдықтау көздері, инженерлік құрылыстар, коммуникациялар және ғимараттар бар коммуналдық қызметтерді көрсетушілер мен тұтынушылардың;

      3) Қостанай облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерін салу, монтаждау, реттеу және жөндеумен айналысатын құрылыс-монтаж, жөндеу және реттеуші ұйымдардың орындауы ұшін қажет.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.12.2018 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Облыстың тұрғын үй-коммуналды және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдары мен мекемелері тұтынушыларды жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық режимді, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.

      4. Облыстың аумағында күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа объектілердің дайындығы Қостанай облысының өндірістiк және әлеуметтiк кешенiн күзгi-қысқы кезеңде жұмысқа дайындау туралы облыс әкімдігінің жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Өз құзыреті шегінде Қостанай облысын жылыту маусымына дайындау мен өткізуіне жалпы бақылау облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындалуды бағалау жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссиясымен жүзеге асырылады.

      6. Облыстың қалалары мен аудандарының елді мекендерінде жылыту маусымына дайындалу мен өткізуді үйлестіру, энергетикалық кешен, тұрғын үй қоры, әлеуметтік сала және инженерлі-инфрақұрылым объектілерінің қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі қалалық немесе аудандық ведомствоаралық комиссиясымен (бұдан әрі – қалалық (аудандық) комиссия) жүзеге асырылады.

      7. Алдағы жылыту маусымында облыстың өңірлерінің инженерлік-энергетикалық кешен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылыту маусымына дайындалу жоспары) ұсыну тәртібі:

      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға (қалалар (аудандар) әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне) жылыту маусымына дайындалу жоспарларын ұсынады;

      2) қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылыту маусымына дайындалу жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;

      3) қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары жылыту маусымына дайындалудың бірыңғай жоспарларын "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жинақ үшін ұсынады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      8. Жылыту маусымына дайындалу жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:

      1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындарымен қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына – апта сайын;

      2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен өз өңірі бойынша жинақ есепті - "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне апта сайын;

      3) "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы бойынша жинақ есепті – Қостанай облысының әкімдігіне апта сайын ұсынады.

      9. Жылыту маусымына дайындалу кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмағанда есепке:

      1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;

      2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;

      3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.

      10. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жедел-диспетчерлік қызметтердің қалалар мен ауданның елді мекендерін энергиямен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара әрекеттестігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады.

      11. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

      12. Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.

2. Жылыту маусымына дайындалу

      13. Жылыту маусымы дайындығына:

      1) өткен жылыту маусымында анықталған ақауларды талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындау;

      2) жылыту маусымына дайындалу жоспарларын әзірлеу;

      3) мердігер ұйымдарымен қаржыландыру және шарттар жасау, жөңдеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

      4) жылумен жабдықтау көздері және орталық жылу пункттерінде қажетті жөңдеу жұмыстарын өткізу, соның ішінде қазандар, түтікшелер, құбырларды қарау және сынап білу;

      5) жылу желілері жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимінің кестесін әзірлеу;

      6) инженерлік желілерде, соның ішінде жаңартумен, күрделі және ағымдағы жөндеулер, сынаулар және шаюмен байланысты жұмыстарды орындау;

      7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде алдын-ала қарау, жоспарлы жөңдеулерді орындау;

      8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің алдын-ала қаралуы, жөңделуі және ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткізу;

      9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттарды және табиғат апаты салдарларын жою үшін негізгі және резервті отынның нормативтік қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құру;

      10) отын қоймаларын дайындау, қорлы отын шаруашылықтардың инженерлік жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдерді жою жүйелерінің, теміржол және автомобиль кіреберіс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуін орындау жатады.

      14. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      15. Қарамағында жылу желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз жылу желiлерiнің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

      Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптарын және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.12.2018 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      17. Жылу желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстар және жөндеу мен қалпына келтіру жөніндегі жоспарлы жұмыстар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 "Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15941 болып тіркелген).

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.12.2018 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Жылу көздері мен жылу желілерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын өткізу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Жылу көздері мен жылу желілерін жаңарту және күрделі жөңдеу жұмыстары жылытуаралық кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу энергиясын пайдалануға арналған үлгілік шарттың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.

      20. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      21. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстар мынадай мерзімдерде:

      1) күзгі кезеңдегі жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;

      2) жүктелімнің қысқы максимумын өту кезеңінде жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау ұсынылады.

      Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөңдеу және алдын-ала қарау жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      22. Қор отын шаруашылығын жоспарлы-алдын алу жөңдеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      23. Күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      24. Жылуды тұтыну жүйелерінің жай-күйіне және қызмет көрсетуіне тұтынушылар мен энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе тараптардың келісімі бойынша анықталады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      25. Жылу желілеріне нақты қосылу тұтынушының аталған жұмыс (қосылу бойынша) ақысын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамаға сәйкес төлегеннен кейін, жазбаша өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүзеге асырады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 10.02.2017 № 114 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26. Жылу желілердің құбырлары пайдалануға енгізгенге дейін монтаждалуы, күрделі жөнделуі мен жаңартылудан кейін тазартуға тартылады.

      27. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      28. Салынған, тапсырыс берушілермен (тұтынушылармен) және жылумен жабдықтаушы ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған қазандықтар, жылу желілері, орталық жылу пунктері, сорғы станциялары, орталық жылыту жүйелерін жылыту маусымына дайындау және жаңа үйлерді ыстық сумен жабдықтауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді.

      29. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлік желілерін дайындау бойынша ұйымдастыру іс-шаралар тізбесіне мыналар жатады:

      1) инженерлік желілерді пайдаланылуына жауапты тұлғаны тағайындау;

      2) инженерлік желілерді пайдалануына жауапты тұлғаларды дайындау: энергиямен жабдықтау ұйымдары өкілінің міндетті түрде қатысуымен, инженерлік желілерді техникалық пайдалану ережелерін, инженерлік желілерді пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін оқыту және білімін тексеруді жүргізу;

      3) техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындау;

      4) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есептеу құралдарының тексеруін өткізу;

      5) жертөле және шатыр жайларының барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларының жылу оқшаулауын орындау;

      6) кіреберістер мен жертөлелердің сыртқы есіктерін жөңдеу;

      7) шатырлардың мен жертөлелердің терезелерін жабу;

      8) саты шаршық терезелерін қос шынылануын қалпына келтіру;

      9) саты шаршықты жылытуды қалпына келтіру және жұмыстарға қосу;

      10) тұрғындардың пәтерлерін жылылауды қамтамасыз етуі бойынша ұйымдастыру;

      11) жылу пунктінің үй-жайларын жөңдеу: ақтау, сырлау, қажетті жарықтандыруды және берік бекітілуін қамтамасыз ету;

      12) сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру;

      13) жылу пайдаланушы қоңдырғылардың орнатылған барлық тиекті, реттеуші арматуралардың тексеруін және жөңдеуін өткізу;

      14) техникалық термометрлерді тексеру, кейіннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазарту;

      15) жылыту маусымын аяқтау бойынша жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық тазарта отырып, гидропневматикалық шаюды жүргізу;

      16) жөңдеу іс-шараларын өткізу;

      17) пломбыланған, тексерілген монометрлерді орнату;

      18) жылу тұтыну жүйелерінің барлық элементтерін механикалық бекемділігі және жылу тұтыну жүйлерінің гидравликалық тығыздығын (гидравликалық сығымдау) гидравликалық сынауын өткізу;

      19) ғимараттардың (үйлердің) электр сымдарының оқшауларының кедергілерін тексеру.

      30. Транзитпен инженерлі коммуникациялар өтетін жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе иесі пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің инженерлік желілерді жөңдеу жұмыстарын орындау және қызмет көрсету үшін инженерлік құрылыстарға өтуі және еркін қол жеткізуін (апатты-қалпына келтіру жұмыстарын өндіру үшін тәуліктің кез-келген уақытында) қамтамасыз етеді.

      31. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      32. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергиясы саласындағы заңнамасына сәйкес сапалы жылу энергиясымен жабдықтау техникалық мүмкін емес жағдайда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүргізілмейді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Жылумен жабдықтау жүйесін байқап көру

      33. Жылыту маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру жүргізіледі.

      34. Жылу көздері жабдықтарын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу мына тәртіпте жүргізіледі:

      Жылу көздер жабдықтары мен ғимараттардың жабдықтарын қосу үшін:

      1) бірінші тәулікте жылу көздерінде жылыту жабдықтарының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта іске қосу және байқап көру, бактарды-аккумуляторларды мүмкінше барынша толтыру, жылу желілерін сумен толтыру және берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату бойынша жұмыстар орындалады;

      үйішілік жүйелерде арматураның іске қосу ережесін орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, сенімді бақылау-өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөнінде жұмыстар жүргізіледі;

      2) екінші тәуліктен бастап кестеге сәйкес қатаң түрде ғимараттарды қосу жүргізіледі.

      35. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөңдеу бригадасымен жүргізіледі.

      Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскесінің жабдықтарының жарамдылығы тексеріледі, сынау, шаю және қабылдау актілері қаралады.

      36. Байқап көру үрдісінде жылу желілері, жылумен жабдықтау көздері және тұтынушылар бойынша айқындалған ескертулер жылыту маусымының басына дейін жойылады.

4. Жылыту режимі

      37. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін қаланың және ауданның жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарымен келістіру ұсынылады. Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес бекітілген көрсеткішті жылу тасығышты (су және бу) беруді қамтамасыз етеді.

      Қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталуы тиіс:

      1) бала, емдік және мектеп мекемелері, басқа оқу орындары;

      2) тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;

      3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар.

      Бір уақытта толтырылатын үйішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз сумен қамтылуын, су дайындау және сіңдіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.

      38. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйінін тексеруін және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін өткізеді.

      39. Пайдалану үрдісінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылыту маусымының басына дейін жойылады.

      40. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      41. Жылыту маусымы жарияланғаннан кейін:

      1) хабарландыру сызбасы белгіленеді, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінің жауапты қызметшілерінің кезекшілігі бекітіледі;

      2) кәсіпорындарда апаттты-қалпына келтіру бригадалары дайындалады;

      3) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерімен ғимараттың жылу тасығыш жүйесі жұмысын және жылылау күйін кезеңмен тексеру және бақылау ұйымдастырылады;

      4) жылумен жабдықтау көздерінде қор және апатты жабдықтардың жұмысы, негізгі және қор отынының, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі.

      42. Жылу көздерінде және жылу желілерінде апатты жағдай жарияланса:

      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінде күні-түні кезекшілік енгізіледі;

      2) қала (аудан) әкімінің өкімі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апатты-жаңғырту бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.

      43. Күшейтілген және есептеуден тыс режимдері кезіндегі ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымның қызметшілерінің қажетті іс-шаралары мен әрекеттері ұйымдардың тиісті нұсқаулықтарында көрсетілуі тиіс.

5. Жылыту маусымының аяқталуы және жылытуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      44. Жылыту маусымының аяқталуы жыл сайын қала (аудан) әкімінің өкімімен хабарланады.

      45. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылыту жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.

      46. Жылытуаралық кезеңде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілерінің жабдықтарының жұмысының бекітілген сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етеді. Су бөлетін нүктелерге (шүмектер, араластырғыштарға) берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норма талаптарына жауап береді. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерінде ыстық сумен жабдықтау қоңдырғыларын жөңдеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үйішілік жүйелерді дайындау үшін қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді.

      47. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөңдеуді бір уақытта 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуымен байланысты жөңдеудің ұсынылатын мерзімі – 14 күн.

6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жауапкершілігі

      48. Қағиданы бұзғаны үшін қызмет берушілер мен тұтынушылардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес анықталады.

Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Костанайской области

Решение маслихата Костанайской области от 25 сентября 2012 года № 76. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 8 ноября 2012 года № 3877.

      В соответствии с подпунктом 4-1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Костанайской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Сауденова
      Секретарь Костанайского
областного маслихата
С. Ещанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного

      Учреждения (ГУ) "Департамент

      Агентства Республики Казахстан

      По регулированию естественных

      Монополий по Костанайской области"

      _______________________ А. Аужанов

      Начальник ГУ "Территориальный

      Департамент Комитета государственного

      энергетического надзора и контроля

      по Костанайской области"

      ___________________________ Г. Иманов

      Начальник государственного

      учреждения "Управление энергетики

      и жилищно-коммунального хозяйства

      акимата Костанайской области"

      _____________________ А. Тайкешов

      Начальник государственного

      учреждения "Управление экономики

      и бюджетного планирования акимата

      Костанайской области"

      ___________________ Г. Кисленкова

  Утверждены
решением маслихата
от 25 сентября 2012 года № 76

Правила подготовки и проведения
отопительного сезона в Костанайской области
1. Общие положения

      Сноска. Глава 1 с изменениями, внесенными решениями маслихата Костанайской области от 24.12.2013 № 228 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 27.06.2016 № 40 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 24.05.2017 № 162 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Настоящие Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Костанайской области (далее – Правила) разработаны на основании Законов Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике", от 13 января 2012 года "Об энергосбережении и повышении энергоэффективности", приказа Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 211 "Об утверждении Правил пользования тепловой энергией" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10234), приказа Министра энергетики Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 34 "Об утверждении Правил определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10583 и определяют порядок подготовки и проведения отопительного сезона в Костанайской области.

      1. Правила координируют деятельность местных исполнительных органов, организаций жилищно-коммунального и топливно-энергетического комплекса Костанайской области по подготовке объектов производственного, социального, жилищно-коммунального и топливно-энергетического комплекса области к отопительному сезону для обеспечения их устойчивого функционирования в период его прохождения.

      2. Настоящие Правила необходимы для исполнения:

      1) местными исполнительными органами области;

      2) услугодателями и потребителями коммунальных услуг, независимо от подведомственности и форм собственности, имеющих на балансе, в оперативном управлении, в хозяйственном ведении или аренде, обслуживании источники теплоснабжения, инженерные сооружения, коммуникации и здания;

      3) строительно-монтажными, ремонтными и наладочными организациями, выполняющими строительство, монтаж, наладку и ремонт объектов жилищно-коммунального и энергетического комплекса Костанайской области.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения маслихата Костанайской области от 12.12.2018 № 351 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Организации и учреждения, входящие в жилищно-коммунальный и топливно-энергетический комплекс области обеспечивают устойчивое теплоснабжение, водоснабжение, электроснабжение, газоснабжение, топливоснабжение и водоотведение потребителей, а также поддерживают необходимые параметры энергоносителей и обеспечивают нормативный температурный режим в жилых домах и зданиях с учетом их назначения и платежной дисциплины энергопотребления.

      4. Готовность объектов к работе в осенне-зимних условиях на территории области осуществляется, согласно ежегодного постановления акимата области о подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период.

      5. В пределах своей компетенции, общий контроль за подготовкой и проведением отопительного сезона Костанайской области осуществляется областной межведомственной комиссией по оценке готовности производственного и социального комплекса области к работе в зимних условиях.

      6. Координация подготовки и проведения отопительного сезона в городах и населенных пунктах районов области осуществляется городской или районной межведомственной комиссией по оценке готовности энергетического комплекса, жилищного фонда, объектов социальной сферы и инженерной инфраструктуры к работе в зимних условиях (далее – городская (районная) комиссия).

      7. Порядок представления ежегодного плана подготовки объектов инженерно-энергетического комплекса и жилищно-коммунального хозяйства регионов области к работе в зимних условиях в предстоящем отопительном сезоне (далее - план подготовки к отопительному сезону):

      1) предприятия, входящие в жилищно-коммунальный и топливно-энергетический комплекс области, представляют ежегодно, по окончанию отопительного сезона, планы подготовки к отопительному сезону в местные исполнительные органы (отделы жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акиматов городов (районов));

      2) местные исполнительные органы городов (районов) объединяют представленные планы подготовки к отопительному сезону в единый план;

      3) местные исполнительные органы городов (районов) представляют единые планы подготовки к отопительному сезону в государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Костанайской области" для свода.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным решением маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Отчеты по выполнению планов подготовки к отопительному сезону представляются в следующем порядке:

      1) в местные исполнительные органы городов и районов - еженедельно, предприятиями, входящими в жилищно-коммунальный и топливно-энергетический комплекс;

      2) в государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Костанайской области" - местными исполнительными органами городов и районов еженедельно, сводный отчет по своему региону;

      3) в акимат Костанайской области - еженедельно, государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Костанайской области" представляет сводный отчет по Костанайской области.

      9. При невыполнении запланированных работ при подготовке к отопительному сезону к отчету прилагаются:

      1) справка с указанием причин невыполнения;

      2) принимаемые меры по исправлению ситуации;

      3) новые сроки выполнения работ.

      10. Взаимодействие оперативно-диспетчерских служб предприятий и организаций по вопросам энергообеспечения городов и населенных пунктов района определяются в соответствии с действующим законодательством.

      11. Взаимоотношения энергоснабжающих организаций с потребителями (абонентами) определяются заключенным между ними договором и действующим законодательством Республики Казахстан.

      12. В случаях, неурегулированных настоящими Правилами, следует руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан.

2. Подготовка к отопительному сезону

      13. Подготовка к отопительному сезону включает:

      1) анализ недостатков, выявленных в предыдущем отопительном сезоне, выполнение мероприятий по устранению выявленных дефектов и нарушений;

      2) разработка планов подготовки к отопительному сезону;

      3) решение вопросов финансирования и заключение договоров с подрядными организациями, материально-техническое обеспечение ремонтных и строительно-монтажных работ;

      4) проведение необходимых ремонтных работ на источниках теплоснабжения и центральных тепловых пунктах, в том числе осмотры и испытания котлов, сосудов, трубопроводов;

      5) разработку графика отпуска тепла и гидравлического режима работы тепловых сетей;

      6) выполнение работ на инженерных сетях, в том числе связанных с реконструкцией, капитальным и текущим ремонтами, испытаниями и промывками;

      7) выполнение профилактических, плановых ремонтов на электроисточниках, теплоисточниках и инженерных сетях;

      8) проведение работ по подготовке зданий (домов), профилактике, ремонту и замене оборудования инженерных систем внутри зданий (домов);

      9) создание нормативных запасов основного и резервного топлива, а также аварийных запасов материально-технических ресурсов для устранения технологических аварий и ликвидации последствий стихийных бедствий на объектах энергетики и жилищно-коммунального хозяйства;

      10) подготовку топливных складов, выполнение ремонта инженерного оборудования резервных топливных хозяйств, систем подготовки топлива, топливоподачи, удаления шлака и золы, железнодорожных и автомобильных подъездных путей, противопожарного хозяйства.

      14. исключен решением маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. В пределах охранных зон тепловых сетей без согласования с организацией, в ведении которой находятся эти сети, не допускается производство строительных, монтажных, земляных, погрузочно-разгрузочных работ, поисковых работ, связанных с устройством скважин и шурфов, обустройство площадок, стоянок автомобильного транспорта, размещение рынков, строений, сооружений, складирование материалов, сооружение ограждений и заборов, сброс и слив едких коррозионных веществ и горюче-смазочных материалов.

      Физические и юридические лица, производящие работы вблизи охранных зон тепловых сетей, которые могут вызвать повреждение, не позднее, чем за 12 (двенадцать) календарных дня до начала выполнения работ согласовывают с организацией, в ведении которой находятся тепловые сети, условия и порядок проведения этих работ, обеспечивающие сохранность тепловых сетей, и принимают необходимые меры за счет собственных средств.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции решения маслихата Костанайской области от 12.12.2018 № 351 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      16. исключен решением маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Работы по предотвращению аварий или ликвидации их последствий и плановые работы по ремонту и реконструкции на тепловых сетях производятся в соответствии с приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 28 сентября 2017 года № 331 "Об утверждении Правил установления охранных зон объектов тепловых сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15941).

      Сноска. Пункт 17 - в редакции решения маслихата Костанайской области от 12.12.2018 № 351 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Эксплуатация и проведение ремонтных работ на теплоисточниках и теплосетях осуществляется в соответствии с действующей нормативно-технической документацией.

      19. Работы по реконструкции и капитальному ремонту теплоисточников и тепловых сетей производятся в межотопительный период по графикам производства работ, согласованным с местными исполнительными органами. При этом принимаются меры по обеспечению электроснабжения, теплоснабжения, газоснабжения и водоснабжения зданий (жилых домов) в соответствии с условиями типового договора на пользование тепловой энергии.

      20. исключен решением маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Работы на источниках теплоснабжения и центральных тепловых пунктах рекомендуется выполнять в следующие сроки:

      1) необходимые для обеспечения нужд отопления в осенний период – ежегодно в срок до 1 сентября;

      2) необходимые для обеспечения нужд отопления в период прохождения зимнего максимума нагрузок – ежегодно в срок до 1 октября.

      Работы по ремонту и профилактике электрических, водопроводных и газовых коммуникаций, обеспечивающих источники теплоснабжения, рекомендуется закончить до 1 сентября.

      22. Работы по планово-предупредительному ремонту резервного топливного хозяйства рекомендуется завершить к 1 сентября.

      23. В осенне-зимний период норма эксплуатационного запаса топлива определяется в соответствии с приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 34 "Об утверждении Правил определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10583).

      Сноска. Пункт 23 - в редакции решения маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. Граница ответственности между потребителем и энергопередающей или энергопроизводящей организациями за состояние и обслуживание систем теплопотребления определяется их балансовой принадлежностью или по согласованию сторон.

      Сноска. Пункт 24 - в редакции решения маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      25. Фактическое подключение к тепловым сетям осуществляется энергопередающей (энергопроизводящей) организацией по письменному заявлению потребителя после оплаты данной работы (по подключению) в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере естественных монополий.

      Сноска. Пункт 25 - в редакции решения маслихата Костанайской области от 10.02.2017 № 114 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      26. Трубопроводы тепловых сетей до ввода их в эксплуатацию после монтажа, капитального ремонта и реконструкции подвергаются очистке.

      27. исключен решением маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      28. Подготовку к отопительному сезону построенных котельных, тепловых сетей, центральных тепловых пунктов, насосных станций, систем центрального отопления и горячего водоснабжения домов-новостроек, не принятых в эксплуатацию заказчиками (потребителями) и теплоснабжающими организациями, обеспечивают строительные организации.

      29. Перечень организационных мероприятий по подготовке инженерных систем потребителей к отопительному сезону включает:

      1) назначение лица, ответственного за эксплуатацию инженерных сетей;

      2) подготовку лиц, ответственных за эксплуатацию инженерных сетей: проведение обучения и проверку знаний правил технической эксплуатации инженерных сетей, правил техники безопасности при эксплуатации инженерных сетей, с обязательным участием представителя энергоснабжающих организаций;

      3) подготовку полного пакета технической документации;

      4) проведение поверки контрольно-измерительных приборов и приборов коммерческого учета;

      5) выполнение тепловой изоляции всех трубопроводов теплоснабжения и горячей воды в пределах подвальных и чердачных помещений;

      6) ремонт входных дверей подъездов и подвалов;

      7) закрытие окон чердаков и подвалов;

      8) восстановление двойного остекления окон лестничных клеток;

      9) восстановление и включение в работу отопления лестничных клеток;

      10) организация по обеспечению утепления квартир жильцами;

      11) проведение ремонта помещения теплового пункта: побелка, покраска, обеспечение необходимого освещения и надежного запирания;

      12) восстановление теплоизоляции наружных трубопроводов и арматуры;

      13) проведение ревизии и ремонта всей установленной запорной, регулирующей арматуры теплоиспользующих установок;

      14) проверка технических термометров, очистка гильзы с последующей заливкой технического масла;

      15) проведение гидропневматической промывки с механической очисткой элементов систем теплопотребления по окончании отопительного сезона;

      16) проведение наладочных мероприятий;

      17) установка опломбированных, поверенных манометров;

      18) проведение гидравлического испытания систем теплопотребления всех элементов на механическую прочность и гидравлическую плотность системы теплопотребления (гидравлическая опрессовка);

      19) проверка сопротивления изоляции электропроводок зданий (домов).

      30. Арендатор либо собственник подвальных помещений, по которым проходят транзитом инженерные коммуникации, обеспечивает свободный доступ (в любое время суток для производства аварийно-восстановительных работ) персонала эксплуатирующих организаций для выполнения работ по ремонту и обслуживанию инженерных сетей.

      31. исключен решением маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      32. При технической невозможности энергопередающих (энергопроизводящих) организаций обеспечить качественную тепловую энергию потребителю в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере электроэнергетики подключение потребителей к системам теплоснабжения не осуществляется.

      Сноска. Пункт 32 - в редакции решения маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Опробование систем теплоснабжения

      33. Для проверки готовности источников теплоснабжения, тепловых сетей к началу отопительного сезона и выявления скрытых дефектов проводится опробование систем теплоснабжения.

      34. Включение оборудования теплоисточников и подключение зданий (домов) производится в следующем порядке:

      Для включения оборудования теплоисточников и зданий:

      1) в первые сутки:

      на теплоисточниках выполняются работы по сборке схем теплофикационного оборудования, расконсервированию и опробованию оборудования, максимально допустимому заполнению баков-аккумуляторов, заполнению водой и постановке под давление подающего и обратного трубопровода тепловых сетей и установлению циркуляции;

      на внутридомовых системах производятся работы по установке пускового положения арматуры, заполнению подводящих трубопроводов и систем теплоснабжения водой, проверка наличия поверенных контрольно-измерительных приборов и регуляторов;

      2) начиная со вторых суток, производится подключение зданий в строгом соответствии с графиком.

      35. Пуск и опробование магистральных и распределительных тепловых сетей производится пусконаладочной бригадой.

      До пуска проверяется исправность оборудования пускаемого участка сети, просматриваются акты испытаний, промывки и приемки.

      36. Выявленные в процессе опробования замечания по тепловым сетям, источникам теплоснабжения и потребителям устраняются до начала отопительного сезона.

4. Режим отопления

      37. Теплоснабжающим организациям рекомендуется разработать и согласовать до 1 сентября с местными исполнительными органами города и района графики опробования, подключения систем теплоснабжения и расчетные графики гидравлических и температурных параметров. Трубопроводы тепловых сетей обеспечивают подачу потребителям теплоносителя (воды и пара) установленных параметров в соответствии с заданным графиком.

      В графиках подключения соблюдается следующая очередность подключения потребителей:

      1) детские, лечебные и школьные учреждения, другие учебные заведения;

      2) жилые здания, гостиницы, общежития;

      3) общественные и бытовые здания, театры, дома культуры, административные здания, промышленные предприятия и прочие здания.

      При определении количества одновременно заполняемых внутридомовых систем необходимо учитывать обеспеченность источников теплоснабжения хозяйственно-питьевой водой, производительность водоподготовки и подпиточных устройств.

      38. После подключения всех зданий (домов) эксплуатирующие организации проводят проверку состояния оборудования и первичную регулировку внутридомовых систем.

      39. Недостатки в работе источников теплоснабжения, тепловых сетей и внутридомовых систем, выявленные в процессе эксплуатации, устраняются до начала отопительного сезона.

      40. исключен решением маслихата Костанайской области от 11.12.2015 № 470 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      41. С объявлением отопительного сезона:

      1) уточняется схема оповещения, устанавливается дежурство ответственных работников объектов жилищно-коммунального и энергетического комплекса области;

      2) приводятся в готовность аварийно-восстановительные бригады на предприятиях;

      3) персоналом организаций, эксплуатирующих здания (дома), организуется периодический обход и контроль за работой систем теплоносителя и состоянием утепления зданий;

      4) на источниках теплоснабжения проверяется работа резервного и аварийного оборудования, наличие основного и резервного топлива, инструмента, материалов и запасных частей.

      42. С объявлением аварийной ситуации на теплоисточнике и тепловых сетях:

      1) на всех объектах жилищно-коммунального и энергетического комплекса вводится круглосуточное дежурство;

      2) по распоряжению акима города (района) на предприятиях и в организациях вводится повышенная готовность вспомогательных аварийно-восстановительных бригад, обеспеченных механизмами и материалами для использования в аварийных ситуациях.

      43. Необходимые мероприятия и действия персонала организаций, эксплуатирующих здания (дома), при усиленном и внерасчетном режимах указываются в соответствующих мероприятиях.

5. Завершение отопительного сезона и обеспечение горячего водоснабжения в межотопительный период

      44. Окончание отопительного сезона объявляется ежегодно распоряжением акима города (района).

      45. После окончания отопительного сезона организации, эксплуатирующие здания (дома), отключают систему центрального отопления и обеспечивают работу систем горячего водоснабжения по летней схеме.

      46. В межотопительный период теплоснабжающие организации обеспечивают горячее водоснабжение потребителей по утвержденной схеме работы оборудования источников тепла и тепловых сетей. Температура воды, подаваемой к водоразборным точкам (кранам, смесителям), отвечает требованиям технических и санитарных норм. Не допускаются перерывы в подаче горячей воды больше сроков, установленных графиками, согласованными с местными исполнительными органами, на время, необходимое для ремонта установок горячего водоснабжения на источниках теплоснабжения, подготовки элеваторных узлов, автоматизированных тепловых пунктов и внутридомовых систем.

      47. Ремонт тепловых сетей, тепловых пунктов и систем теплопотребления рекомендуется производить одновременно до 1 сентября. Рекомендуемый срок ремонта, связанный с прекращением горячего водоснабжения – 14 дней.

6. Ответственность энергоснабжающих организаций и потребителей

      48. Ответственность услугодателей и потребителей за нарушение Правил определяется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и договором на оказание услуг по передаче и (или) распределению тепловой энергии.