Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 30 қазанда № 15941 болып тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 30-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 11 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 29 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 5 қазан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 331 бұйрығымен
бекітілген

Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 30-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жылу желілері – жылу энергия көздерінен орталық жылу пунктері мен сорғы станцияларын қоса алғанда, жылуды тұтыну қондырғыларына дейін жылу энергиясын беруге және (немесе) жылуды жеткізуге арналған құрылғылардың жиынтығы;

      2) жылу желілерінің күзет аймағы – жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы, жобаланатын, салынып жатқан және жаңғыртылатын жылу желілеріне қолданылады және оның аумағында заңды және жеке тұлғалармен орындалады.

      4. Жылу желілерінің күзету аймақтарының жай-күйін бақылау қарауында осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған кездегі жоспардан тыс тексерулер арқылы қамтамасыз етіледі.

      5. Жылу желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер қойнауын пайдаланушылардан жер учаскелерін иемденбей, орнатылады.

      6. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері жылу желілерінің, оның ішінде олардың аумақтары бойынша өтетін жылу желілерінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

      7. Қарауында жылу желілері бар ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) арасындағы даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

2-тарау. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібі

1-параграф. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібі

      8. Жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланылуы үшін қалыпты жағдай жасау және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жылу желілерінен ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі ең төменгі рұқсат етілген қашықтықтағы күзет аймақтары белгіленеді.

      9. Жылу желілерінің құрылысы мен пайдалану кезеңіне арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінеді.

      10. Жылу желілерінің күзет аймақтары құрылыс құрылымының сыртқы жағынан құбырлардың мына диаметрімен ғимараттарға, құрылыстарға және инженерлік желілеріне дейін трасса маңында жер учаскесі түрінде орнатылады:

      1) жерүсті төсемі:

      Ду

200 мм - 10 м;

      Ду 200 мм-ден 500 мм-ге дейін - 20 м;

      Ду

500 мм - 25 м;

      2) жерасты төсемі:

      Ду

500 мм - 5 м;

      Ду

500 мм - 8 м.

      11. Тарихи және мәдени ескерткіштерден жылу желілеріне дейінгі арақашықтық – 15 метрден (бұдан әрі – м) кем емес (таратушы желілер үшін – 5 м кем емес).

      12. Жылу желілері трассасын таңдаған кезде техникалық жерасты бөлігінде, дәліздерде және тоннельдерде (биіктігі 1,8 м кем емес) ғимараттан шығудың төменгі нүктесіндегі дренаждау құдық құрылғысы бар желілерді төсеген жағдайда тұрғын және қоғамдық ғимараттардың диаметрі 300 мм және одан кіші су желілері қиылысуына рұқсат етіледі.

      13. Балалар және емдеу-сауықтыру мекемелерінің ғимараттарын кез келген диаметрлі жылу желілерінің қиылысуына рұқсат етілмейді.

      14. Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан құрылыстар мен инженерлік желілерге дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады.

      15. Жылумен жабдықтаудың ашық желілерінің және ыстық сумен жабдықтау желілерінің жерасты су жылу желілерінен ықтимал ластану көздеріне дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады.

      16. Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан жарықтағы тігінен арақашықтықтар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес анықталады.

      17. Қарамағында электр немесе жылу желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз жылу желiлерiнің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

      18. Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптарын және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.

      19. Қарауында жылу желілері бар ұйымның жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған жазбаша келісім беруден бас тартуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.

2-параграф. Осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары

      20. Жер жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар жұмыс өндірісінің құжаттамасында көрсетілмеген жылу желілерін анықтағанда, осы жұмыстарды дереу тоқтатып, құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы жылу желілерін пайдаланушы ұйымға және/немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

      21. Жылу желілерін қайта құру немесе оларды зақымданудан қорғау қажеттілігін тудыратын жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды өз қаражаты есебінен қарауында осы жылу желілері бар ұйымдардың келісімі бойынша орындайды.

      22. Коллекторлы-дренажды каналдарды, дуалдарды, өзге жұмыстардың құрылыстары мен өндірісін салу кезінде жылу желілеріне кіреберістер мен жолдар сақталады.

      23. Жылу желілерінің трассасындағы жердің үстін жоспарлау жылу құбырларына сыртқы сулардың ағуын болдырмайды.

      24. Жылу құбырлары, арматура және өтемдеуіштер жылу оқшаулағышпен жабылады.

      25. Жылу желілерінің құбырлары мен металл конструкциялары сыртқы коррозиядан қорғаныс жабынынсыз қолданылмайды.

      26. Суды тікелей жылу желілерінің камераларына немесе жер бетіне төгуге жол берілмейді.

      27. Жерасты төсемі кезінде құбырлардан суды жіберуді негізгі камералардың қасында орнатылған төгу құдықтарына, бұдан әрі суды өздігінен ағатын немесе кәріз жүйелеріне жылжымалы сорғылар арқылы жүргізіледі.

      28. Суды төгу құдықтарынан тікелей табиғи ағындыларға және жердің бедеріне бұруды қарастыруға осы іс-шараларды Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес келісілген жағдайда жол беріледі.

      29. Арық жүйелерімен жылу желілері қиылысқан кезде жылу желілерінің сенімді гидрооқшаулануы және олардың конструкциялары қарастырылады.

      30. Жылу желілері құбырларының үстінде орналасқан су құбырларының, кәріздердің қолданыстағы желілерінің жылу желілерімен қиылысуы кезінде, сондай-ақ газ құбырларының қиылысуы кезінде су құбырларының, кәріздердің және газ құбырларында 2 м ұзындықта қиылысудың (тұрғысынан) екі жағы бойынша қаптамалар құрылғысы қарастырылады. Қаптамаларда коррозиядан қорғау жабыны қарастырылады.

      31. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың қызметкерлеріне басқа ұйымдардың аумақтарында орналасқан жылу желілерінің объектілеріне жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін кедергісіз рұқсат қамтамасыз етіледі.

      32. Жылу желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстар жерді пайдаланушылардың келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлай отырып, жүргізіледі.

      33. Қарауында жылу желілері бар ұйымдар көрсетілген жұмыстарды орындағаннан кейін жер учаскелерін мақсатты бағыты бойынша пайдаланылатын жарамды жай-күйге келтіреді.

      34. Жеке және заңды тұлғалар жылу желілерінің күзет аймақтарында қарауында жылу желілері орналасқан ұйымдардың жылу желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың осы желілердің күзет аймағында жұмыс жүргізетін басқа да жеке және заңды тұлғалар адам өміріне қауіп төнген жағдайларда бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарын тоқтатады.

      35. Қарауында жылу желілері бар ұйымдардың уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, дәлелдейтін фактілері бар материалдарды (фотосуреттер, түсініктемелер, электр беру желілерін өту схемалары, күзет аймағында жұмыс жүргізу рұқсаттары және басқа да қолда бар материалдар) қоса беріп, еркін нысанда акті жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

  Жылу желілері объектілерінің
күзет аймақтарын және осындай
аймақтардың шекараларында
орналасқан жер учаскелерін
пайдаланудың ерекше
шарттарын белгілеу
қағидаларына
1-қосымша

Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан құрылыстар мен инженерлік желілерге дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтар

Құрылыстар мен инженерлік коммуникациялық желілер

Жарықтағы ең аз арақашықтық, м

Жылу желілерінің жерасты төсемі

1

2

1. Құрылыстар іргетасына дейін
1.1. Шөкпейтін топырақтардағы каналдар мен тоннельдерді (каналдың, тоннельдің сыртқы бетонды қабырғасынан) құбырлардың диаметрі, мм
Ду

500
Ду = 500 - 800
Ду = 900 және одан жоғары болса құбырларды төсеу кезінде
Сол сияқты I түрдегі шөкпейтін топырақтарда
Ду

500
Ду

500 кезіндегі






2,0
5,0
8,0
5,0
8,0

1.2. Шөкпейтін топырақтардағы каналсыз төсем кезінде (каналсыз төсемнің сыртынан) құбырлардың диаметрі, мм
Ду

500
Ду

500
Сол сияқты I түрдегі шөкпейтін топырақтарда:
Ду

100
Ду

100-ден 500-ге дейін
Ду

500



5,0
7,0
5,0
7,0
8,0

Сол сияқты II түрдегі шөкпейтін топырақтарда:
Шөкпейтін топырақтар қабатының қалыңдығы 5-тен 12- м-ге дейін, құбырдың шартты өтуі кезінде, мм:
Ду

100
Ду > 100-ден 300-ге дейін
Ду

300
Ду

100
Ду

100-ден 300-ге дейін
Ду

300 болғанда,
12 м астам шөкпейтін топырақ қабатының қалыңдығы

 
 
 
5,0
7,5
10,0
 
7,5
10,0
15,0

2. Қоршаулардың және құбырлардың іргетастарына дейін

1,5

3. Темір жолдың жақын жолына, осьтеріне дейін
1520 мм
Сол сияқты жолға және трамвай жолына дейін
750 мм

4,0 (жылу желісінің траншеясынан үйменің жиегіне дейінгі тереңдіктен кем емес)
2,8

4. Темір жолдың жер төсемінің жақын құрылысына дейін

3,0 (жылу желісінің траншеясынан негізгі шеткі құрылыстың негізіне дейінгі тереңдіктен кем емес)

5. Электрлендірген темір жолдың жақын арадағы жолының осьтеріне дейін

10,75

6. Темір жолдың сызықтары мен айқастырмаларына дейін
Сол сияқты ісінгіш топырақтар кезінде

10,0
20,0

7. Көпірлер, тоннельдер және темір жолдардағы басқа құрылыстарға дейін

30,0

8. Жақын арадағы трамвай жолының осьтеріне дейін

2,8

9. Көшенің, жолдың бүйір тастарына дейін (жолдың ернеуінде бекітілген өтетін бөліктің жиегі)

1,5

10. Кюветтің сыртқы жиегіндегі немесе жол үймесінің етегіне дейін

1,0

11. Сыртқы жарықтандыру және байланыс желілерінің діңгектері мен бағаналарына дейін

1,0

12. Көпірлердің, жол өтпесі тірегінің іргетастарына дейін

2,0

13.Темір жолдардың байланыс желісінің тірек іргетастарына дейін
Сол сияқты трамвай және троллейбустардың

3,0
 
1,0

14. 35 кВ дейінгі және май толтырылған кабельдердің (110 кВ астам) кернеулі күш және бақылау кабельдеріне дейін

2,0

15. Телефон кәрізін оқшаулау, түтіктердегі байланыс кабельдерін оқшаулау және радио тарататын кабельдерге дейін

1,0

16. Кернеуі:
1) 1 кВ дейінгі
2) 1-ден 35 кВ -тен артық
3) 35 кВ -ден артық кернеу кезінде электр берудің әуе желілеріне тірек іргетастарына дейін (жақындасу және қиылысу кезінде)


1,0
2,0
3,0

17. Су құбырларына дейін
Сол сияқты I түрдегі шөкпейтін топырақтардың

1,5
2,5

18. Тұрмыстық және өндірістік кәріздерге дейін

1,0 (жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде)

19.Дренаждар мен жаңбыр кәріздеріне дейін

1,0

20. Каналдардағы, тоннельдердегі жылу желілерін төсеу, сондай-ақ бағыттас дренажбен каналсыз төсемдер кезіндегі 0,6 МПа-ға дейінгі қысымдағы газ
құбырларына дейін
Сол сияқты 0,6-дан 1,2 МПа-ға дейін




2,0
4,0

21. Бағыттас емес дренажсыз жылу желілерін каналсыз төсеу кезінде 0,3 МПа-ға дейінгі қысымдағы газ құбырларына дейін
Сол сияқты 0,3-тен астам 0,6 Мпа-ға дейін
Сол сияқты 0.6-ден астам 1,2 Мпа-ға дейін



1,0
1,5
2,0

22. Әртүрлі маңыздағы каналдар мен тоннельдерге дейін (оның ішінде суландыру желілері каналдарының-арықтардың жиегіне дейін)

 
2,0

23. Сыртқы желімдеу оқшаулағышы бар әрленетін құрылыстар мен метрополитендерге дейін
Сол сияқты желімдейтін гидрооқшаулағышы жоқ

5,0 (жылу желісінің траншеясынан негізгі құрылыстың негізіне дейінгі тереңдіктен кем емес)
8,0 (бірақ жылу желісінің траншеясынан құрылыстың негізіне дейінгі тереңдіктен кем емес)

24. Метрополитеннің жер үстіндегі желілерін оқшауларына дейін

5,0

25. Темір жолдың жер төсемінің жақын арадағы құрылысына дейін

3,0

26. Аралық тіректен темір жолдың осіне дейін (теміржолдың қиылысуы кезінде)

"С", "СП", "Су" габариттері

27. Жақын арадағы трамвай жолының осіне дейін

2,8

28. Автомобиль жолы кюветінің сыртқы жиегі немесе бүйір тасына дейін

0,5

29. Кернеуі:
1-ден 20-ға дейін
35-110
220
500 сымдардың аса жоғары ауытқуы бар электр берудің әуе желілеріне дейін

1,0
3,0
4,0
5,0
6,5

30. Қысымы 0,63 Мпа, конденсатты жылу желілерінің құбыр диаметрі
Ду = 500 – 1400
Ду от 200 до 500
Ду < 200 болғанда, су жылу желілері мен су құбырларына арналған тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды жылумен жабдықтаудың желілеріне арналған
Сол сияқты бу жыл желілерінің қысымдары үшін
РУ 1,0-ден 2,5 Мпа-ға дейін
Сол сияқты, 2,5-ден артық 6,3 Мпа-ға дейін

25,0
20,0
10,0
5,0
30,0
40,0

      Ескертпелер:

      1. Жалпы жылу траншеяларында және басқа инженерлік желілерде төсем кезінде (олар бір уақытта салынған кезде) жылу желілерінен су құбырына және кәрізге дейінгі қашықтықты 0,8 м-ге дейін азайтуға, барлық желілерді бір деңгейге немесе белгілердегі айырмашылығы 0,4 м артық емес орналастырған кезде рұқсат етіледі.

      2. Ғимараттардың, құрылыстардың тірегі іргетасының негізінен төмен төселетін жылу желілері үшін қосымша топырақтың табиғи еңісін ескере отырып орналасқан белгілердегі айырмашылық ескеріледі немесе іргетастарды бекітуге шаралар қабылданады.

      3. Кестеде келтірілген әртүрлі тереңдіктегі орналасқан инженерлік желілер мен жерасты жылу желілерінің параллельді төсеу кезінде қашықтықтар көбейтіледі және желілердің орналасу айырмашылықтары қабылданады. Төсемдер қысылған жағдайларда және қашықтықтың көбеюі мүмкін емес болғанда жылу желілерін жөндеу және салу уақытында бұзылудан инженерлік желілерді қорғау жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.

      4. Бекіткіш және реттейтін арматураны орналастыруға арналған жылу желілері павильондарынан (оларда сорғылар жоқ болғанда) тұрғын ғимараттарына дейінгі қашықтық 15 м кем емес.

      5. Елді мекендерден тыс кернеуі 1-ден 500 кВ-тен артық электр берудің әуе желілері бар жерүсті жылу желілерін параллельді төсеу кезінде шеткі сымнан қашықтықты тіреу биіктігінен кем емес қабылдауы тиіс.

  Жылу желілері объектілерінің
күзет аймақтарын және осындай
аймақтардың шекараларында
орналасқан жер учаскелерін
пайдаланудың ерекше
шарттарын белгілеу
қағидаларына
2-қосымша

Жылумен жабдықтаудың ашық желілерінің және ыстық сумен жабдықтау желілерінің жерасты су жылу желілерінен ықтимал ластану көздеріне дейінгі жарықтағы көлденең арақашықтықтар

Ластану көздері

Жарықтағы көлденеңі бойынша ең аз арақашықтықтар, м

1

2

1.Тұрмыстық өндірістік кәріздің құрылыстары мен құбырлары:


каналдар мен тоннельдерде жылу желілерін төсеу кезінде

1,0

жылу желілерін каналсыз төсеу кезінде

1,5

Ду < 200 мм, сол сияқты, Ду > 200 мм жылу желілерінің каналсыз төсем кезінде

3,0

2. Зират, қоқыс орны, суландыру алаңы

10,0

жер астындағы сулар болмағанда жер астындағы сулар болғанда және сүзгілейтін жерасты суларында жер асты суларының қозғалысы бойынша жылу желілеріне қарай

50,0

3. Күрелген және қоқыс төгетін шұңқырлар:

7,0

жер астындағы сулар болмағанда жер астындағы сулар болғанда және сүзгілейтін жерасты суларында жер асты суларының қозғалысы бойынша жылу желілеріне қарай

20,0

      Ескертпе: Кәріз желілері жылу желілерін төмен орналасқанда көлденеңі бойынша қашықтықта параллельді төсеу кезінде жылу желілерінен жоғары орналасқан желілердегі белгілерде айырмадан кем емес, кестеде көрсетілген қашықтықтар қабылданады, орналасу тереңдігінде айырмаға көбейтіледі.

  Жылу желілері объектілерінің
күзет аймақтарын және осындай
аймақтардың шекараларында
орналасқан жер учаскелерін
пайдаланудың ерекше
шарттарын белгілеу
қағидаларына
3-қосымша

Каналсыз төсем кезінде жылу желілерінің құрылыс конструкцияларынан немесе құбырлардың оқшаулама қабығынан жарықтағы тігінен арақашықтықтар

Құрылыстар мен инженерлік желілер

Жарықтағы ең аз арақашықтық, м

Жылу желілерінің жерасты төсемдері

1

2

1. Су құбырларына, суағарларға, газ құбырларына, кәріздерге дейін

0,2

2. Байланыстың брондалған кабельдеріне дейін

0,5

3. 35 кВ-ке дейінгі күш және бақылау кабельдеріне дейін

0,5

4. Телефон кәрізін оқшаулауға немесе құбырлардағы оқшауланған байланыс кабельдеріне дейін

0,15

5. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың темір жол рельстерінің етегіне дейін

1,0

Сол сияқты жалпы желідегі темір жолдарына дейін
Сол сияқты трамвай жолдарына дейін

2,0
1,0

6. I, II, III санаттағы жалпы желідегі автомобиль жолдарының жол жабынының үстіне дейін

1,0

7. Кювет немесе басқа су бұрғыш құрылыстардың түбі немесе темір жолдың жер төсемінің үймесіне дейін (осы құрылыстардың үстінен жылу желілері орналасқан кезде)

0,5

8. Метрополитен құрылыстарына дейін (жылу желілері осы құрылыстардың үстінде орналасқанда)

1,0

Жылу желілерінің жер үстіндегі төсемі

9. Темір жол рельстерінің бастиегіне дейін

МЕМСТ 9238-83 және МЕМСТ 9720-76 бойынша "С", "СП", "Су" габариттері

10. Автомобиль жолдарының жүргінші бөлігінің бас жағына дейін

5,0

11. Жаяу жүргінші жолдарының бас жағына дейін

2,2

12. Трамвайдың байланыс желісінің бөліктеріне дейін

0,3

13. Троллейбустың байланыс желісінің бөліктеріне дейін

0,2

14. кернеуі кВ кезінде сымдардың салмақ кемдігі аса ауыр болғанда электр берудің әуе желілеріне дейін:
1-ге дейін
1-20-ға дейін
35-110-ға дейін
220
500

1,0
3,0
4,0
5,0
6,5

      Ескертпе:

      1. Жер бетінен немесе жол жабынан жылу желілерінің тереңдігі (I, II және III санаттағы автокөлік жолдарынан басқа) кем қабылдамауы керек:

      1) арналар мен тоннельдердің жабатын биіктікке дейін – 0,5 м;

      2) камераларды жабу биіктігіне дейін – 0,3 м;

      3) арнасыз төсемнің жабынының үстіне дейін – 0,7 м.

      Жүрмейтін бөлікте биіктігі 0,4 м кем емес тоннель мен арналарға арналған камералар мен желдеткіш шахталарды жабатын жердің үстінен шығып тұруға рұқсат етіледі;

      4) ғимаратқа кіретін жылу желілерін енгізгенде жердің үстінен арналарды жабатын үстіне дейінгі тереңдікті немесе каналдарды және арнасыз төсемнің жабынының үстіне дейін - 0,5 м-ге рұқсат етіледі;

      5) жер астындағы сулардың жоғары деңгейінде арналар мен тоннельдердің тереңдігі шамасын азайту және егер көліктің қозғалысы жағдайлары бұзылмаса, жер бетінен 0,4 м кем биіктіктегі жерден жоғары орналасқан жабындарды орналастыруды қарастырады.

      2. Төменгі тіреуіштегі жылу желілерін жер үстінде төсеу кезінде жер үстінен су құбырын жылу оқшаулағыштың төменіне дейін (м):

      1) 1,5 м-ге дейінгі құбыр топтарының ені бойынша - 0,35;

      2) 1,5 м асатын құбыр топтарының ені бойынша - 0,5.

      3. Жылу желілерін жерастына төсеу кезінде байланыстың күштік және бақылау кабельдерімен қиылысу кезінде олардың үстіне немесе астына орналасуы мүмкін.

      4. Арнасыз төсем кезінде жылумен жабдықтаудың ашық желісінің су жылу желілерінен немесе ыстық сумен жабдықтаудың желілерінен жылу желілерінен төмен немесе жоғары орналасқан кәріз құбырларына дейін 0,4 м кем емес қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады