Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізудің қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Сауденова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің Қостанай облысы
бойынша департаменті" мемлекеттік
мекемесінің (ММ) бастығы
______________________ А. Аужанов
"Мемлекеттік энергетикалық қадағалау
және бақылау комитетінің Қостанай
облысы бойынша аумақтық департаменті"
ММ бастығы
___________________________ Г. Иманов
"Қостанай облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын үй-коммуналды
шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________________ Ә. Тәйкешов
"Қостанай облыстық әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік басқармасының
бастығы
_______________________ Г. Кисленкова
Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 шешімімен бекітілді |
Қостанай облысында жылыту маусымына
дайындалу және өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тарауға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 24.12.2013 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2015 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2017 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
Осы Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген), негізінде әзірленген және Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.
1. Қағида Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен объектілерін жылыту маусымына дайындалу және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді.
2. Осы Қағидалар:
1) облыстың жергілікті атқарушы органдарының;
2) ведомстволық бағыныстылығы және меншік нысанына қарамастан, балансында, жедел басқаруында, шаруашылық жүргізуі немесе жалдауында, қызмет көрсетуінде жылумен жабдықтау көздері, инженерлік құрылыстар, коммуникациялар және ғимараттар бар коммуналдық қызметтерді көрсетушілер мен тұтынушылардың;
3) Қостанай облысының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерін салу, монтаждау, реттеу және жөндеумен айналысатын құрылыс-монтаж, жөндеу және реттеуші ұйымдардың орындауы ұшін қажет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.12.2018 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Облыстың тұрғын үй-коммуналды және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдары мен мекемелері тұтынушыларды жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық режимді, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.
4. Облыстың аумағында күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа объектілердің дайындығы Қостанай облысының өндірістiк және әлеуметтiк кешенiн күзгi-қысқы кезеңде жұмысқа дайындау туралы облыс әкімдігінің жыл сайынғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Өз құзыреті шегінде Қостанай облысын жылыту маусымына дайындау мен өткізуіне жалпы бақылау облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындалуды бағалау жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссиясымен жүзеге асырылады.
6. Облыстың қалалары мен аудандарының елді мекендерінде жылыту маусымына дайындалу мен өткізуді үйлестіру, энергетикалық кешен, тұрғын үй қоры, әлеуметтік сала және инженерлі-инфрақұрылым объектілерінің қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі қалалық немесе аудандық ведомствоаралық комиссиясымен (бұдан әрі – қалалық (аудандық) комиссия) жүзеге асырылады.
7. Алдағы жылыту маусымында облыстың өңірлерінің инженерлік-энергетикалық кешен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылыту маусымына дайындалу жоспары) ұсыну тәртібі:
1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға (қалалар (аудандар) әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне) жылыту маусымына дайындалу жоспарларын ұсынады;
2) қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылыту маусымына дайындалу жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;
3) қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары жылыту маусымына дайындалудың бірыңғай жоспарларын "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жинақ үшін ұсынады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).8. Жылыту маусымына дайындалу жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:
1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындарымен қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына – апта сайын;
2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен өз өңірі бойынша жинақ есепті - "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне апта сайын;
3) "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы бойынша жинақ есепті – Қостанай облысының әкімдігіне апта сайын ұсынады.
9. Жылыту маусымына дайындалу кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмағанда есепке:
1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;
2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;
3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.
10. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жедел-диспетчерлік қызметтердің қалалар мен ауданның елді мекендерін энергиямен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара әрекеттестігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады.
11. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
12. Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.
2. Жылыту маусымына дайындалу
13. Жылыту маусымы дайындығына:
1) өткен жылыту маусымында анықталған ақауларды талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды орындау;
2) жылыту маусымына дайындалу жоспарларын әзірлеу;
3) мердігер ұйымдарымен қаржыландыру және шарттар жасау, жөңдеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
4) жылумен жабдықтау көздері және орталық жылу пункттерінде қажетті жөңдеу жұмыстарын өткізу, соның ішінде қазандар, түтікшелер, құбырларды қарау және сынап білу;
5) жылу желілері жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимінің кестесін әзірлеу;
6) инженерлік желілерде, соның ішінде жаңартумен, күрделі және ағымдағы жөндеулер, сынаулар және шаюмен байланысты жұмыстарды орындау;
7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде алдын-ала қарау, жоспарлы жөңдеулерді орындау;
8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің алдын-ала қаралуы, жөңделуі және ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткізу;
9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттарды және табиғат апаты салдарларын жою үшін негізгі және резервті отынның нормативтік қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құру;
10) отын қоймаларын дайындау, қорлы отын шаруашылықтардың инженерлік жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдерді жою жүйелерінің, теміржол және автомобиль кіреберіс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуін орындау жатады.
14. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).15. Қарамағында жылу желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз жылу желiлерiнің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.
Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен жылу желілерінің сақталуын қамтамасыз ететін осы жұмыстарды жүргізудің талаптарын және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.12.2018 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).
17. Жылу желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстар және жөндеу мен қалпына келтіру жөніндегі жоспарлы жұмыстар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 "Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15941 болып тіркелген).
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.12.2018 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).18. Жылу көздері мен жылу желілерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын өткізу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
19. Жылу көздері мен жылу желілерін жаңарту және күрделі жөңдеу жұмыстары жылытуаралық кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу энергиясын пайдалануға арналған үлгілік шарттың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.
20. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).21. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстар мынадай мерзімдерде:
1) күзгі кезеңдегі жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;
2) жүктелімнің қысқы максимумын өту кезеңінде жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілері – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау ұсынылады.
Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөңдеу және алдын-ала қарау жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
22. Қор отын шаруашылығын жоспарлы-алдын алу жөңдеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
23. Күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).24. Жылуды тұтыну жүйелерінің жай-күйіне және қызмет көрсетуіне тұтынушылар мен энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе тараптардың келісімі бойынша анықталады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).25. Жылу желілеріне нақты қосылу тұтынушының аталған жұмыс (қосылу бойынша) ақысын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамаға сәйкес төлегеннен кейін, жазбаша өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жүзеге асырады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 10.02.2017 № 114 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).26. Жылу желілердің құбырлары пайдалануға енгізгенге дейін монтаждалуы, күрделі жөнделуі мен жаңартылудан кейін тазартуға тартылады.
27. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).28. Салынған, тапсырыс берушілермен (тұтынушылармен) және жылумен жабдықтаушы ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған қазандықтар, жылу желілері, орталық жылу пунктері, сорғы станциялары, орталық жылыту жүйелерін жылыту маусымына дайындау және жаңа үйлерді ыстық сумен жабдықтауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді.
29. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлік желілерін дайындау бойынша ұйымдастыру іс-шаралар тізбесіне мыналар жатады:
1) инженерлік желілерді пайдаланылуына жауапты тұлғаны тағайындау;
2) инженерлік желілерді пайдалануына жауапты тұлғаларды дайындау: энергиямен жабдықтау ұйымдары өкілінің міндетті түрде қатысуымен, инженерлік желілерді техникалық пайдалану ережелерін, инженерлік желілерді пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін оқыту және білімін тексеруді жүргізу;
3) техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындау;
4) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есептеу құралдарының тексеруін өткізу;
5) жертөле және шатыр жайларының барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларының жылу оқшаулауын орындау;
6) кіреберістер мен жертөлелердің сыртқы есіктерін жөңдеу;
7) шатырлардың мен жертөлелердің терезелерін жабу;
8) саты шаршық терезелерін қос шынылануын қалпына келтіру;
9) саты шаршықты жылытуды қалпына келтіру және жұмыстарға қосу;
10) тұрғындардың пәтерлерін жылылауды қамтамасыз етуі бойынша ұйымдастыру;
11) жылу пунктінің үй-жайларын жөңдеу: ақтау, сырлау, қажетті жарықтандыруды және берік бекітілуін қамтамасыз ету;
12) сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру;
13) жылу пайдаланушы қоңдырғылардың орнатылған барлық тиекті, реттеуші арматуралардың тексеруін және жөңдеуін өткізу;
14) техникалық термометрлерді тексеру, кейіннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазарту;
15) жылыту маусымын аяқтау бойынша жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық тазарта отырып, гидропневматикалық шаюды жүргізу;
16) жөңдеу іс-шараларын өткізу;
17) пломбыланған, тексерілген монометрлерді орнату;
18) жылу тұтыну жүйелерінің барлық элементтерін механикалық бекемділігі және жылу тұтыну жүйлерінің гидравликалық тығыздығын (гидравликалық сығымдау) гидравликалық сынауын өткізу;
19) ғимараттардың (үйлердің) электр сымдарының оқшауларының кедергілерін тексеру.
30. Транзитпен инженерлі коммуникациялар өтетін жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе иесі пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің инженерлік желілерді жөңдеу жұмыстарын орындау және қызмет көрсету үшін инженерлік құрылыстарға өтуі және еркін қол жеткізуін (апатты-қалпына келтіру жұмыстарын өндіру үшін тәуліктің кез-келген уақытында) қамтамасыз етеді.
31. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).32. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергиясы саласындағы заңнамасына сәйкес сапалы жылу энергиясымен жабдықтау техникалық мүмкін емес жағдайда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүргізілмейді.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Жылумен жабдықтау жүйесін байқап көру
33. Жылыту маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру жүргізіледі.
34. Жылу көздері жабдықтарын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу мына тәртіпте жүргізіледі:
Жылу көздер жабдықтары мен ғимараттардың жабдықтарын қосу үшін:
1) бірінші тәулікте жылу көздерінде жылыту жабдықтарының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта іске қосу және байқап көру, бактарды-аккумуляторларды мүмкінше барынша толтыру, жылу желілерін сумен толтыру және берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату бойынша жұмыстар орындалады;
үйішілік жүйелерде арматураның іске қосу ережесін орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, сенімді бақылау-өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөнінде жұмыстар жүргізіледі;
2) екінші тәуліктен бастап кестеге сәйкес қатаң түрде ғимараттарды қосу жүргізіледі.
35. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөңдеу бригадасымен жүргізіледі.
Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскесінің жабдықтарының жарамдылығы тексеріледі, сынау, шаю және қабылдау актілері қаралады.
36. Байқап көру үрдісінде жылу желілері, жылумен жабдықтау көздері және тұтынушылар бойынша айқындалған ескертулер жылыту маусымының басына дейін жойылады.
4. Жылыту режимі
37. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін қаланың және ауданның жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарымен келістіру ұсынылады. Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес бекітілген көрсеткішті жылу тасығышты (су және бу) беруді қамтамасыз етеді.
Қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталуы тиіс:
1) бала, емдік және мектеп мекемелері, басқа оқу орындары;
2) тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;
3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар.
Бір уақытта толтырылатын үйішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз сумен қамтылуын, су дайындау және сіңдіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.
38. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйінін тексеруін және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін өткізеді.
39. Пайдалану үрдісінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылыту маусымының басына дейін жойылады.
40. алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2015 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).41. Жылыту маусымы жарияланғаннан кейін:
1) хабарландыру сызбасы белгіленеді, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінің жауапты қызметшілерінің кезекшілігі бекітіледі;
2) кәсіпорындарда апаттты-қалпына келтіру бригадалары дайындалады;
3) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерімен ғимараттың жылу тасығыш жүйесі жұмысын және жылылау күйін кезеңмен тексеру және бақылау ұйымдастырылады;
4) жылумен жабдықтау көздерінде қор және апатты жабдықтардың жұмысы, негізгі және қор отынының, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі.
42. Жылу көздерінде және жылу желілерінде апатты жағдай жарияланса:
1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінде күні-түні кезекшілік енгізіледі;
2) қала (аудан) әкімінің өкімі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апатты-жаңғырту бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.
43. Күшейтілген және есептеуден тыс режимдері кезіндегі ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымның қызметшілерінің қажетті іс-шаралары мен әрекеттері ұйымдардың тиісті нұсқаулықтарында көрсетілуі тиіс.
5. Жылыту маусымының аяқталуы және жылытуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету
44. Жылыту маусымының аяқталуы жыл сайын қала (аудан) әкімінің өкімімен хабарланады.
45. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылыту жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.
46. Жылытуаралық кезеңде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілерінің жабдықтарының жұмысының бекітілген сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етеді. Су бөлетін нүктелерге (шүмектер, араластырғыштарға) берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норма талаптарына жауап береді. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерінде ыстық сумен жабдықтау қоңдырғыларын жөңдеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үйішілік жүйелерді дайындау үшін қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді.
47. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөңдеуді бір уақытта 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуымен байланысты жөңдеудің ұсынылатын мерзімі – 14 күн.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың жауапкершілігі
48. Қағиданы бұзғаны үшін қызмет берушілер мен тұтынушылардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес анықталады.