Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 "Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 228 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 ақпанда № 4425 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 "Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3877 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасында:
      1-тараудың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Осы Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы", 2012 жылғы 13 қаңтардағы "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 373 "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы" қаулысының негізінде әзірленген және Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.";
      15-тармақтың тоғызыншы абзацы және 17-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын;
      17-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол жабынының бұзылуын туғызатын жылу желілерін жөндеу жұмыстары және қайта жаңғырту жол органымен, автомобиль жолдарын басқарушылармен және жергілікті атқарушы органдармен келісілгеннен кейін жүргізіледі.
      Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордер) болған кезде ғана жол беріледі.
      Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын әкімшілік полициясы бөлімшелерін хабардар етеді.";
      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "23. Күзгі–қысқы кезеңде меншік нысанына тәуелсіз энергетикалық көздерден пайдаланатын отын қорының нормасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен сәйкес анықталады.";
      25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "25. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосылуды осы (қосылу бойынша) жұмыстардың ақысы төленгеннен кейін тұтынушының жазбаша өтініші бойынша ұйымның өзі жүзеге асырады.
      Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жылу желісіне қосылғаннан кейін тұтынушы мынадай тәртіппен:
      1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілдерімен бірлесіп баланстық тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігінің шекарасын ажырату актісін 3 жұмыс күні ішінде ресімдейді;
      2) жылу торабының құрылысынан, есепке алу аспаптарын және ішкі жылумен жабдықтау желілерін монтаждаудан кейін қайта монтаждалған жабдықтарды шаю және сығымдау жұмыстарын қабылдау үшін кейіннен 3 жұмыс күні ішінде актіні (есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат беру актісі, жылу торабын және ішкі жылумен жабдықтау желілерін қабылдау актісі) ресімдей отырып, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілін шақырады;
      3) 2 жұмыс күні ішінде объект паспортын ресімдейді және дроссель құрылғыларының (сопло, шайба) өлшемдерін алады. Дроссель құрылғыларын дайындау нормативтік-техникалық құжаттамалар мен алынған есептеулерге сәйкес жүргізіледі. Дроссель құрылғыларын орнату кезінде пломбалау үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілін шақырады;
      4) алдағы және кейінгі жылыту маусымына жылу тұтыну қондырғылары мен жылу желілерінің техникалық даярлығы туралы актіні алу үшін шаю, сығымдау және ретке келтіру актілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға ұсынады.
      Даярлық туралы акті негізінде тұтынушы энергия беруші ұйыммен шарт жасасады.
      Шарт жасалғаннан кейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылуға өтінім беріледі.
      Қосу энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілі мен тұтынушының қатысуымен, қосылу актісін ресімдей отырып, оны кейін энергиямен жабдықтау ұйымына бере отырып жүргізіледі.";
      27-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 373 "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы" қаулысына сәйкес энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Жалгасов

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрлiгiнің
      Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау
      және бақылау комитетiнiң Қостанай
      облысы бойынша аумақтық департаментi"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Г. Иманов

      "Қазақстан Республикасы Табиғи
      монополияларды реттеу агенттігінің
      Қостанай облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ А. Аужанов

      "Қазақстан Республикасы Төтенше
      жағдайлар министрлігі Қостанай
      облысының Төтенше жағдайлар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ М. Танабаев

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігі Қостанай облысының
      ішкі істер Департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Т. Маткенов

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _________________ Г. Кисленкова

      "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика
      және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ Ә. Тәйкешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады