"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 "Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3877 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларында:
1-тараудың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген), негізінде әзірленген және Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Коппаев |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ А. Исенбаев
2017 жылғы 24 мамыр