РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 20.11.2013 № 508 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4-тармағына және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.А. Дәрібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
___________ А. Жұмағалиев
"Қостанай облысы
әкімдігінің кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасы"
ММ бастығы
_______________ М. Өтешов
Әкімдіктің
2012 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 569 қаулысымен бекітілген
"Заңды тұлғалардың түстi және қара
металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы
(дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – қызмет) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Қызмет "Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
3) "Е-лицензиялау" веб-порталы – лицензиарлармен берілетін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын, берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрылған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, ақпараттық жүйе (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ);
4) "электрондық үкіметтің" шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
5) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);
6) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры – ақпаратты автоматтандырылған жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруін енгізу және мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді беру мақсатында Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
7) алушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
8) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
9) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
10) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі – ЭЦҚ);
11) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
12) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
13) электрондық лицензия – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі қызмет беруші
іс-әрекетінің тәртібі
6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі адымдық іс-қимылдары мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) алушы ЭҮП-те тіркелуді алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, қызмет алу үшін ЭҮП-те алушының пароль енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП-те тексеру;
4) 2-үдеріс – алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты ЭҮП-пен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – алушының Регламентте көрсетілген қызметті "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-те қызметке ақы төлеу, содан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ға келіп түседі;
7) 2-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызметтің көрсетілгені үшін жүргізілген ақы төлеу фактісін тексеру;
8) 5-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызметтің көрсетілгені үшін төленген ақының болмауына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
14) 4-шарт – алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;
15) 10-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-дағы алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11-үдеріс – алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-мен қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
7. Қызмет беруші арқылы адымдық іс-қимылдар мен шешімдер (ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің қызмет көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
2) 1-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да логин мен пароль арқылы қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-мен қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және қызмет беруші қызметкерінің алушы деректерін, сондай-ақ алушы өкілінің деректерін сенімхат бойынша енгізуі (нотариаттық куәландырылған сенімхат болғанда, басқа куәланырылған сенімхат болғанда – сенімхат деректері толтырылмайды);
5) 4-үдеріс – ЗТ МДҚ-ға ЭҮШ арқылы алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да алушы деректерінің болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – ЗТ МДҚ-да алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыру және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
9) 7-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қызметті өңдеу;
10) 3-шарт – алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-мен қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
8. Сұрау салуды толтыру және қызметке жауап беру нысандары www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталында келтірілген.
9. Сұрау салу өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай амалмен қарау мүмкіндігі беріледі:
"ашу" деген түймені басқаннан кейін – сұрау салу нәтижесі дисплейдің экранына шығарылады;
"сақтау" деген түймені басқаннан кейін – сұрау салу нәтижесі алушымен берілген магнитті тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпарат пен кеңесті және шағым беру тәртібін call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ):
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ;
3) ЭҮТШ;
4) "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ;
5) ЗТ МДҚ;
6) қызмет беруші.
12) Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, іс-қимылдар (рәсімдер, функциялар, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
13) Іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде) өзара байланысты олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграммалар Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
14) Алушылармен қызметті көрсету нәтижелері Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15) Алушыларға қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).
16. Қызметті көрсетудің техникалық шарттары:
1) Интернетке шығу;
2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН-нің болуы;
3) ЭҮП-пен авторизациялау;
4) ЭЦҚ пайдаланушысының болуы;
5) банк карточкасының немесе екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы.
"Заңды тұлғалардың түстi
және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын жинауы
(дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуi және өткiзу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 1-қосымша
1-кесте. Әрбір іс-қимылдың орындалу
мерзімін көрсете отырып, іс-қимылдар
(рәсімдер, функциялар, операциялар)
дәйектілігінің мәтіндік
кестелік сипаттамасы
1.1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ
іс-қимылдарын сипаттау
Іс-қимыл |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ атауы |
Алушы |
ЭҮП |
Алушы |
Іс-қимылдың |
ЭЦҚ тіркеу |
Алушы деректерінде |
Қызметті |
Аяқтау нысаны |
Сұрау салудың |
Сұрау салынған |
Сұрау салуды |
Орындау |
10-15 сек |
20 сек |
1,5 мин |
Келесі |
2 – алушының |
- |
4 |
Кестенің жалғасы:
Іс-қимыл |
4 |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
ЭҮТШ |
ЭҮП |
Алушы |
Іс-қимылдың |
Қызметті |
Төленген ақының |
Сұрау салуды |
Аяқтау нысаны |
Іс-қимылдың |
Сұрау салынған |
Сұрау салуды |
Орындау |
1,5 мин |
20 сек |
10-15 сек |
Келесі |
5 – ақы |
- |
7 – ЭЦҚ-да қате |
Кестенің жалғасы:
Іс-қимыл |
7 |
8 |
9 |
ҚФБ атауы |
ЭҮП |
Алушы |
"Е-лицензиялау" |
Іс-қимылдың |
Алушының ЭЦҚ |
ЭЦҚ арқылы сұрау |
Өтініштің |
Аяқтау нысаны |
Сұрау салынған |
Сұрау салуды |
Өтінішке нөмір |
Орындау |
10-15 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
Келесі |
- |
- |
10 – алушының |
Кестенің жалғасы:
Іс-қимыл (жұмыстар |
10 |
11 |
ҚФБ атауы |
"Е-лицензиялау" АЖ |
"Е-лицензиялау" АЖ |
Іс-қимылдың |
Алушы деректерінде |
Электрондық құжат |
Аяқтау нысаны |
Сұрау салынған |
Электрондық лицензия |
Орындау мерзімдері |
20 сек |
Лицензия алу үшін - 15 |
Келесі іс-қимылдың |
- |
- |
1.2-кесте. Қызмет беруші арқылы
ҚФБ іс-қимылдарын сипаттау
Іс-қимыл |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ атауы |
Қызмет беруші |
"Е-лицензиялау" |
Қызмет беруші |
Іс-қимылдың |
"Е-лицензиялау" |
Деректерде |
Қызмет беруші |
Аяқтау нысаны |
Сұрау салудың |
Сұрау салынған |
Сұрау салудың |
Орындау |
10-15 сек |
20 сек |
1,5 мин |
Келесі |
1 – |
- |
4 |
Кестенің жалғасы:
Іс-қимыл |
4 |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
ЭҮШ ЗТ МДҚ |
"Е-лицензиялау" |
Қызмет беруші |
Іс-қимылдың |
ЗТ МДҚ-ға |
Деректерде |
Құжаттарды |
Аяқтау нысаны |
Сұрау салуды |
Сұрау салынған |
Сұрау салудың |
Орындау |
1,5 мин |
20 сек |
10-15 сек |
Келесі |
5 – алушының |
- |
- |
Кестенің жалғасы:
Іс-қимыл |
7 |
8 |
9 |
ҚФБ атауы |
"Е-лицензиялау" |
"Е-лицензиялау" |
"Е-лицензиялау" |
Іс-қимылдың |
"Е-лицензиялау" |
"Е-лицензиялау" |
Электрондық құжат |
Аяқтау нысаны |
Өтінішке нөмір |
Сұрау салынған |
Электрондық |
Орындау |
10-15 сек |
20 сек |
Лицензия алу үшін |
Келесі |
8 – |
- |
- |
"Заңды тұлғалардың түстi
және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын жинауы
(дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуi және өткiзу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 2-қосымша
Іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі
арасындағы (электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету үдерісінде) өзара байланысты
олардың сипаттамаларына сәйкес
көрсететін диаграммалар
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс-қимылдың № 1
Қызмет беруші арқылы электрондық
мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимылдың
№ 2 диаграммасы
Кесте. Шартты белгілер
"Заңды тұлғалардың түстi
және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын жинауы
(дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуi және өткiзу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 3-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің
"сапа" және "қолжетімділік" көрсеткіштерін
анықтауға арналған сауалнаманың нысаны
__________________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) ішінара қанағаттанамын.