Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды 2012 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 744 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 9-1-188 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 31-бабына, "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына, "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Қостанай қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесi арқылы (келiсiм бойынша) шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2012 жылғы сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. "Қостанай қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына (келiсiм бойынша) "Қостанай облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен (келiсiм бойынша) бiрге кезектi шақыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкiмi орынбасарының міндеттерін атқарушы А. Қ. Нұрғазиновқа жүктелсiн.

      Қостанай қаласының әкiмi                   Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛIСIЛГЕН:

      "Қостанай облысы
      әкiмдiгiнiң денсаулық
      сақтау басқармасы"
      мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      _____ О. Бекмағамбетов

      "Қостанай қаласының
      қорғаныс iстерi
      жөнiндегi басқармасы"
      мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      ______ Ө. Өтебасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады