Әкімдіктің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 397 "2012 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 2198 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қарашада № 3888 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 720-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 397 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-1-184 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 наурызда "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      әкімдіктің көрсетілген қаулысымен бекітілген, 2012 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайларында:
      реттік нөмірі 10-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
      "

10

"Тазалық-
2012"жауап-
кершілігі
шектеулі
серіктестігі

Алдын ала
кәсіби даярлы-
ғын талап
етпейтін қала
аумағын абат-
тандыруға
көмек.

31680

Қазақстан
Республикасының
еңбек заңнама-
сында көзделген
шектеулерді
ескере отырып,
екі демалыс
күні, бір
сағаттан кем
емес түскі ас
үзілісі бар
қоғамдық
жұмыстардың бір
қатысушысының
жұмыс аптасының
ұзақтығы -
аптасына қырық
сағаттан
аспайды.

      ".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Р. Х. Каркеновқа жүктелсін.

      Қостанай қаласының әкімі                   Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай қаласы
      әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ В. Константинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады