Рудный қаласында жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 928 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде № 9-2-216 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 13.06.2016 № 659 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, "Рудный қаласының қалалық жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін келісу туралы" Рудный қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 ақпандағы № 26 шешімі негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін 45 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Рудный қалалық
      мәслихатының хатшысы
      _________ В. Лощинин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады