Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 442 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 қазанда № 3841 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 404 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Қүші жойылды – Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 20.08.2013 № 404 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген, "Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Арқалық қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн тоқсан сайын әр балаға сегiз есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн.
      2. "Арқалық қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган болып анықталсын.
      3. Әлеуметтiк көмек тиiстi оқу жылының iшiнде тағайындалатыны белгiленсiн.
      4. Әлеуметтiк көмек төлеу екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтiк көмектi тұтынушының банктiк шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Мәметековке жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылдың 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Қала әкімі Б. Әбдіғалиұлы

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ К. Омарова
      Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы
      _______________ А. Көбеков
      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Н. Гайдаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады