"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы 1-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына бір шаршы метрге 112 теңге (бір жүз он екі теңге) төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары А.И. Клименкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі В. Радченко