Әкімдіктің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 416 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 қазанда № 3847 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-198 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 В. Радченко

Әкімдіктің       
2012 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 416 қаулысына қосымша 

Әкімдіктің       
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 2 қаулысымен бекітілген

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға
қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының
мөлшері және оларды қаржыландыру көзі

Ұйымның
атауы

Жұмыстың
түрлері

Жұмыстың
көлемдері

Қоғамдық
жұмыстардың
ұзақтығы

Қоғамдық
жұмыстарға
қатысушылардың
саны

"Ұста плюс"
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі

Қызметкердің
алдын ала
кәсіби
даярлығын
талап
етпейтін,
Лисаков
қаласы,
Октябрь
кенті,
Красногор
селосының
аумағындағы
мемлекеттік
автомобиль
жолдарын
ұстауға
қатысу

Лисаков
қаласы -
23953920
шаршы
метр;
Октябрь
кенті –
3992320
шаршы
метр;
Красногор
селосы –
1996160
шаршы
метр

3 ай

Барлығы: 130 адам,
оның ішінде:
Лисаков қаласында
- 106 адам,
Октябрь кентінде -
6 адам,
Красногор
селосында - 8 адам

      кестенің жалғасы:

Қаржыландыру
көзі

Еңбегіне
төленетін
ақының мөлшері

Қоғамдық
жұмыстарға
ақы төлеу

Қоғамдық
жұмыстардың
нақты жағдайлары

Лисаков
қаласының
бюджеті

Айына ең
төменгі 2
жалақы мөлшері

Барлығы 2012
жылға:
14312,0 мың
теңге қаралды,
оның ішінде
қоғамдық
жұмыстарды
ұйымдастыруға:
Лисаков
қаласында
11450,0 мың
теңге,
Октябрь кентінде
1908,0 мың
теңге, Красногор
селосында 954,0
мың теңге

1) жұмыс уақытының
ұзақтығы аптасына 40
сағаттан аспауға тиіс;
2) заңнамаға сәйкес еңбек
жағдайлары мен қорғауды
қамтамасыз ету,
қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқау жүргізу;
3) Қазақстан
Республикасының
қолданыстағы заңнамасына
сәйкес уақытша еңбекке
жарамсыздығы бойынша
әлеуметтік жәрдемақы
төлеуді қамтамасыз ету;
4) Қазақстан
Республикасының Еңбек
кодексіне сәйкес жұмыс
беруші мен жұмыскер
арасындағы барлық еңбек
қатынастарын сақтау;
5) зейнетақымен
қамсыздандыру және
сақтандыру туралы
заңнаманы сақтау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады