Тұрғын ұй көмегiн көрсету тәртiбi мен мөлшерiн анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 76 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қаңтарда № 3995 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 25.02.2015 № 252 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 Қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi мен мөлшерi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті сессиясының
      төрағасы                                   Қ. Сарбасов

      Алтынсарин аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Есмұханов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Алтынсарин ауданы
      әкiмдiгiнiң жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлiмi"
      мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      _________ О. Банкова

      "Алтынсарин ауданы
      әкiмдiгiнiң экономика
      және қаржы бөлiмi"
      мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      __________ Е. Павлюк

Мәслихаттың        
2012 жылғы 25 желтоқсандағы  
№ 76 шешiмiне      
қосымша          

Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi мен мөлшерiн анықтау туралы

1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Алтынсарин ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) көрсетiледi.
      2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (бұдан әрi - өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), не баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрi - орталық) өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қаулысымен бекiтiлген тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      3. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды беру күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде өтiнiш берушiнiң тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы хабардар етедi, не тұрғын үй көмегiн тағайындаудан бас тарту жөнiнде дәлелденген жауап бередi, оның бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi.
      4. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкiлеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң тұрғын үй көмегiн тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәлiметтердi сұратады.
      5. Тұрғын үй көмегi өтiнiш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейiн тағайындалатын бiрiншi тоқсанды қоспағанда, өтiнiш берушi өтiнiш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетiледi. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегiн тағайындау бүкiл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
      6. Тұрғын үй көмегiн алушы тұрғын үй көмегiн төлеу мөлшерiнiң өзгеруiне негiз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмеген туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
      7. Тұрғын үй көмегi мөлшерiне ықпал ететiн мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетiлген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргiзiледi.
      8. Өтiнiш берушi жалған мәлiмет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегiн тағайындауға жол бергенi айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегiн төлеу оны тағайындау мерзiмiне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркiмен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган аударылған төлемдердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте төлетедi.
      9. Өтiнiш берушi қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегiн төлеу қайтыс болған айдан кейiнгi айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегiн алушы отбасы мүшесiнiң бiрi қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейiнгi айдан бастап қайта есептеу жүргiзiледi.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдердi тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тiзiмдерi негiзiнде немесе отбасы мүшелерi беретiн мәлiметтер бойынша жүргiзiледi.
      10. Тұрғын үй көмегiн көрсету мәселелерi жөнiнде туындаған келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      11. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алуға ниет бiлдiрушi отбасының жиынтық табысы немесе азаматтың табысын негiзге ала отырып анықталады.
      12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкiлеттi органмен қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледi.
      13. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бiр айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндiзгi оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтiп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органынан жұмыссыз ретiнде тiркелуi жөнiндегi құжаттарды тапсырады.
      14. Отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi белгiленген нормалар шегiнде жиынтық табыстан он процент мөлшерiнде белгiленедi.
      15. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бiр отбасы мүшесiне - көп бөлмелi тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн пайдалы алаңының 18 шаршы метр және отбасына 9 шаршы метр қосымша; бiр бөлмелi тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн - тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшiн - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшiн де қолданылады.
      16. Есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн өтем шараларымен қамтамасыз етiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгiленген тәртiп-те анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргiзiледi.
      17. Коммуналдық қызметтердi тұтынатын есептегiш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшiн, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетiлген соңғы тоқсандағы есептегiш құралдардың көрсеткiштерi негiзiнде, бiрақ есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн белгiленген коммуналдық қызметтердi тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      18. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бiр адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бiр адамға, 130 киловатт есебiнен, бiрақ нақты шығындардан асырмай жүргiзiледi.
      19. Осы тараумен белгiленген нормадан тыс төлем тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негiзде жүргiзiледi.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      20. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебiнен (олар бөлiнген жағдайда) жүзеге асырылады.
      21. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкiлеттi органмен ай сайын жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады