Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2012 жылғы 9 ақпандағы № 13 шешімі. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 наурызда № 9-6-142 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 05.03.2013 № 113 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:

      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, біржолғы, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;

      2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ұлы Отан соғысынының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, біржолғы, 10 мың теңге мөлшерінде;

      5) мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, біржолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төменгі деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге, тұтынушының жүгіну фактісі бойынша жылына бір рет көрсетіледі;

      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай-сайын, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс


сессия төрағасы

Ж. Құсайнов

Аудандық


мәслихат хатшысы

Ә. Саматов

КЕЛІСІЛДІ:


"Аманкелді аудандық жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы


______________________ М.Тобағабулов


"Аманкелді ауданының экономика


және бюджеттік жоспарлау бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы


_____________________ Т.Карбозов



  Мәслихаттың
2012 жылғы 9 ақпандағы № 13
шешіміне қосымша

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:

      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;

      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;

      3) алушының салық төлеуші куәлігі;

      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;

      5) алушының банкіде шоты бар болуын растайтын құжат;

      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.

      2. Қосымша құжаттар:

      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:

      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

      емделу нақты шығындарын растайтын құжат;

      2) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;

      қайтыс болуы туралы куәлік;

      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:

      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;

      қайтыс болуы туралы куәлік;

      туыстық қатынастарды растайтын құжат;

      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:

      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

      5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:

      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;

      6) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:

      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;

      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;

      оқу төлемін растайтын құжат;

      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстықтық қажеттіліктерге:

      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.

      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтінші берген күні қайтарылады.

      4. Осы шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасымен қарастырылған жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелуін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады