Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 116 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 сәуірде № 9-7-158 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 279 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 24.07.2013 № 279 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап  күшіне енеді).

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16–бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес және бюджетті іске асыру мақсатында, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық көмекпен қамтамасыз ету үшін, тоқсан сайын әр балаға сегіз еселі айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмек сәйкес оқу жылының ішінде төленеді деп белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операция түрлеріне сай банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының жеке шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады