Қарасу ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 маусымдағы № 32 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 шілдеде № 9-13-154 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", Заңының 18 бабы 2 тармағының 7) тармақшасына және 8-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қарасу ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессиясының төрайымы                       Л. Сергеева

      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданы әкімдігінің
      кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
      мекемесі бастығының орынбасары
      ______________________ Т. Мұқанов

      "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Е. Биркель

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады