2012 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 90 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 сәуірде № 9-19-172 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына20-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бекітілсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары;
      2) аудандық бюджет қаражатынан ең төмен жалақының бір жарым мөлшерiнде қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбекақысы.
      2. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыстар пайдаланылсын.
      3. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      4. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi:
      1) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен үлгілік шарттарды жасасын;
      2) қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайларын есепке алсын;
      3) ауданның бюджет қаражатынан қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын өтеу, оның ішінде 2012 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшін, жұмыс берушілердің есеп айрысу шоттарына ақшалай қаражатты аударсын;
      4) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеуге арналған шығындар, жалақыны аудару мен төлеу бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар шартпен белгiленген мөлшерде аудандық бюджеттен өтелсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Э.К. Күзенбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛIСIЛДI:

      Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
      сақтау басқармасының "Ұзынкөл
      аудандық орталық ауруханасы"
      коммуналдық мемлекеттік
      кәсіпорнының бас дәрігері
      __________________ Қ. Ержанов

Әкімдіктің         
2012 жылғы 1 наурыздағы № 90 
қаулысына қосымша      

2012 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары

Ұйым атауы

Жұмыс
түрлері

Жұмыс
көлемі

Нақты жағдайлары

1.

Қостанай облысы
әкімдігі денсаулық
сақтау
басқармасының
"Ұзынкөл
аудандық орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорны

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
күнделікті
жұмыстарға
көмек: аумақты
жинау және
абаттандыруға
көмек; жөндеу
жұмыстарын
өткізудегі
көмек;
Қостанай
облысы
әкімдігі
денсаулық
сақтау
басқармасының
"Ұзынкөл
аудандық
орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорны,
Бауман, Ершов,
Киев, Киров,
Куйбышев,
Новопокров,
Петропавл,
Чапай,
Федоров,
Пресногорьков,
Россия,
Суворов,
Карлмаркс,
Ұзынкөл
селолық
округтерінің,
Троебрат,
Ұзынкөл, Ряжск
селоларының
аумағындағы
тұрған
объектілерін
жөндеуге және
абаттандыруға
қатысу.

151200
сағат

Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасымен
қарастырылған
шектеулерді есепке
алып, қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының ұзақтығы
аптасына 40 сағаттан
аспайтын, екі демалыс
күндерімен, бір
сағаттан кем емес түскі
үзіліс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады