Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 123-баптарына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына, 18, 48-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
ауылдық округтердің аумақтарында жер пайдаланушылары мен жер телімдерінің меншік иелерінен қайтарып алусыз, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сыртқы шекарасы бойында ені екі шақырым, жалпы ауданы 67420 га болатын қорғау аймағы;
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекара конфигурациясына сәйкес келетін көрсетілген қорғау аймағының шекарасы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 364 бұйрығымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын әзірлеу бөлігіндегі Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің техникалық-экономикалық негіздемесін түзету жобасына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 48-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілген қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі бекітілсін.
2. "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің директорына (келісім бойынша) қорғау аймағының шекарасын арнайы таңбалармен белгілеу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Қ. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. Арын