"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы N 1671/27 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда N 3353 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы N 778/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 20.06.2013 N 778/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" N 745 қаулысына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттiк қызметтің қоса берілген регламентi бекiтілсін.
      2. "Павлодар қаласы ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында белгіленген тәртіпте тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Д. А. Дәуітовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Павлодар қаласының әкімі                   О. Қайыргелдинов

Качир ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы
N 1671/27 қаулысымен  
бекітілген       

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2318 қаулысымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" стандарты (әрі қарай - Стандарт) сәйкес дайындалды.
      2. Мемлекеттік қызмет бұл регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша демалыс пен мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін ұсынылады.
      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет балама негізінде Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48, Кутузов көшесі, 204 және Исиналиев көшесі, 24 мекенжайлары бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылады (әрі қарай - орталық).
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган ғимаратында, орталықта орналасқан стенттерден алуға болады.
      6. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат "Павлодар қаласы ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында www.pvl-osh.kz. орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет
(өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      2) өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді өкіл келгенде ұсынылады.
      11. Мемлекеттік қызмет алу үшін стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      12. Уәкілетті орган құжат мазмұны туралы ақпараттарды сақтау, қорғау және құпияда сақтау қажет.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тұтынушының уәкілетті органға тікелей өтініш беруі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:
      1) уәкілетті органның маманы;
      2) ауылдық және ауылдық округтің әкімі.
      14. Осы регламенттің 2-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
      15. Осы регламенттің 3-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олардың шешім қабылдау мен әрекетімен (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру"      
мемлекеттік қызметінің регламентіне
1-қосымша           

Уәкілетті органдардың тізімі

N Уәкілетті органның толық атауы Орналасқан мекен-жайы Байланыс телефоны Заңды мекен-жайы Сайт мекенжайы

1

"Павлодар қаласы ауыл шаруашылық бөлімі" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-713

8(7182)327441 факс: 320730

Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25

www.pvl-osh.kz

2

"Кенжекөл ауылдық округ әкімділігінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы Конституция алаңы, 3

тел/факс: 8(7182)352824

Павлодар қ., Кенжекөл ауылы Конституция алаңы, 3

gulzhankazhibaeva@mail.ru

3

"Павлодар ауылы әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлодар ауылы Советская көшесі, 4

8(7182)358338, факс: 8 (7182) 358317

Павлодар қ., Павлодар ауылы Советская көшесі, 4

akimat4@mail.ru

4

"Мойылды ауылы әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5-12

8(7182)356530 факс: 8 (7182) 356504

Павлодар қ., Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5-12

moildy@indoxl.ru

5

"Ленин кенті ауылы әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ленин кенті, Макаренко көшесі, 3 А

8(7182)337207 Факс: 8 (7182) 337242

Павлодар қ., Ленин кенті, Макаренко көшесі, 3А

akimat_leniski@mail.ru

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру"      
мемлекеттік қызметінің регламентіне
2-қосымша           

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1.

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2

3

2.

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Уәкілетті органның маманы

Ауылдың немесе ауылдық округтің әкімі

Уәкілетті органның маманы

3.

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

өтінішті тіркеу, шаруашылық кітабы бойынша мәліметтерді тексеру

Анықтамаға немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Шығыс құжат айналымы журналына тіркеу

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Анықтаманы толтыру және қол қою немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазу

Анықтама немесе тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсыну-дан бас тарту туралы дәлелді жауап

Анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру

5.

Орындалу мерзімдері

10 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру"      
мемлекеттік қызметінің регламентіне
3-қосымша           

Жеке қосалқы шаруашылығының болуы
туралы анықтама беру үдерісінің сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады