Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы N 86/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 ақпанда N 12-2-193 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 03 маусымдағы N 454/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 03.06.2014 N 454/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 29-бабы 67-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға арыз берген айынан бастап тағайындалады;
      2) әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкелетін жағдай (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектіктігін алғанда, ортақ және арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен оқу орындарына барғанда) көрсетілген жағдайлар болған айдан кейінгі айдан бастап төлемақы жүргізу тоқтатылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады